«Қазақтелеком» Tele2 мен Altel компанияларын катарлық холдингке сата алмады
«Қазақтелеком» «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ін (МТС, Tele2 және Altel ұялы байланыс операторларын бақылайды) сату бойынша жазда мақұлданған мәмілені әлі жапқан жоқ. Акционерлік қоғам бұл активті 2024 жылдың соңына дейін сатуы тиіс болғанымен, МТС-ті бақылауды сақтап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазақтелекомның» аралық қаржылық есебіне сәйкес, компания сатып алушы катарлық Power International Holding инвесторымен мәміленің барлық деңгейі бойынша келісе алмаған. МТС-ті сату туралы келісім маусым айының басында жасалды, бірақ нақты шарттар бойынша келіссөздер созылды.
«2024 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша МТС туралы келісім бойынша барлық талаптар орындалған жоқ. Сәйкесінше, топ МТС-ті бақылауды сақтап қалды. МТС-тің 100%-ын сату есепті күннен кейін бір жыл ішінде аяқталады» делінген «Қазақтелеком» компаниясының қаржылық есебінде.
«Қазақтелеком» үкіметтің «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нен 2024 жылдың соңына дейін құтылу туралы талабын орындай алмаса керек. Билік нарықтағы бәсекелестікті арттыру және байланыс қызметтеріне әділ тарифтерді сақтау үшін МТС-ті сатуды талап етеді.
30 сәуірде өткен жалпы жиналыста компания акционерлері мәмілені мақұлдады. 4 маусымда «Қазақтелеком» топ-менеджерлері бұл шешімді ресми түрде растады.
Мәміле сомасы 713 млрд 190,4 млн теңге болуы керек еді. Бұл ретте, МТС активтерінің тікелей құны 536 млрд 196,4 млн теңгеге бағаланды, қалған соманы ұзақ мерзімді жалдау міндеттемелері мен несиелер құрады.
Алдымен Mobile Telecom сервисін сату бойынша мәміле 30 қыркүйекке дейін аяқталады деп болжанған, кейін бұл мерзім жыл соңына дейін шегерілді. Енді 2024 жылы Қазақтелекомның Tele2 мен Altel-ті сатуға үлгеретініне де айтарлықтай күмән бар.
Редакция «Қазақтелеком» АҚ-на «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС сатуға байланысты қандай қиындықтар бар екенін анықтау үшін сауал жолдамақ.
Жаңалықтар
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды
- Трамп Макронның әйелімен қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынның астында қалды
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм
- «Менде оны үлгі тұттым»: Дмитрий Бивол Головкинмен кездесуі туралы айтып берді