Қазақстанға шетелден қанша көлік келді

cover коллаж: Айқын

Елімізге Қытай, Грузия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Жапониядан көліктер әкелінетіні белгілі.

2023 жылы 149 150 жеңіл көлік кедендік ресімдеуден өтіпті. Бұл көліктердің жалпы құны $2,9 млрд болады және 385,9 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар төленді.

Бұл туралы  Orda.kz порталы  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Негізінен автокөліктер 5 елден жеткізілді: Қытайдан – 45 984, Грузиядан – 39 395, БАӘ – 20 320, Оңтүстік Кореядан – 14 870, Жапониядан – 11 438.

Кедендік ресімдеу кезінде автокөліктің бағасы көрсетіледі. Көлік құралдарының бағасы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған, ол қажетіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар