Қазақстанда тегін берілуге тиіс мыңдаған дәрі-дәрмек сатылды
Фото: gov.kz
Цифрлық таңбалау жүйесі тегін беруге арналған дәрілік заттардың заңсыз сатылған дерегін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мыңдаған қаптама дәрі-дәрмек науқастарға таратылудың орнына дәріхана сөрелерінен табылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Ең сорақысы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектердің де сатылғаны анықталды.
Министрдің айтуынша, 2025 жылдың шілде айында Қазақстанда енгізілген дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек айналымындағы елеулі заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе арқылы препараттардың атауы, саны және нақты қай медициналық ұйымдарға қатысты екенін көруге болады.
Атап айтқанда, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) аясында тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектердің бөлшек саудада сатылғаны, таңбалау кодтарының әртүрлі субъектілер тарапынан қайта пайдаланылғаны, ол аздай жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттардың сатылғаны тіркелген.
«Жүйе арқылы мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынған 15 мыңнан астам қаптама дәрі-дәрмектің бөлшек саудада сатылғаны, 6,5 мыңнан астам таңбалау кодының қайта пайдаланылғаны (жалпы саны 385 мыңнан аса рет), сондай-ақ жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 750-ден астам қаптама препараттың сатылғаны анықталды», — деді Ақмарал Әлназарова.
Министр медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен «СК-Фармация» ЖШС-нің күнделікті жұмысында сараптамалық платформа мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды, дәрілік заттардың мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейтуді және олардың қозғалысының барлық кезеңінде ашықтықты қамтамасыз етуді тапсырды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда заңбұзушылықтарға байланысты 400-ге жуық жекеменшік медициналық ұйым өз қызметін тоқтатқан болатын.
Оқи отырыңыз:
- Аида Балаева: жекеменшік мектептер білім сапасын төмендетті
- Ұлттық банк төрағасы: «Бәйтерек» несиелерінен инфляция өршімейді
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
Жаңалықтар
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
- Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
- Ақтөбеде мемлекетке 672 миллион теңге шығын келтірген екі депутат пен шенеунік сотталды
- Марко Рубио: Зеленскийдің АҚШ кепілдік үшін аумақ сұрады деген сөзі жалған
- Ақмола облысында әскерден жалтаруға «қажетті диагноз» қоятын қызметкер ұсталды
- Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпекші болған қылмыстық топ құрықталды
- Түркістан облысында жоғалған сегіз жасар бала төртінші күн табылар емес
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі