Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тарады: «Басшылар» қызметкерлерін тақырға отырғызады

cover Фото: freepik.com

ІІМ елімізде алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатқанын мәлімдеді. Алаяқтар өздерін компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырып, арам ойын іске асырады, деп хабарлайды Orda.kz.

Алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қаупін сылтауратып, жедел әрекет етуді тапсырады. Тіпті психологиялық қысым жасайды. «Басшы» азаматтарға «құқық қорғау органдары қызметкерлері» хабарласатынын, олардың айтқанын бұлжытпай орындау керегін тапсырады. Алаяқтар адамдарды ақшасын «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі.

ІІМ мәліметінше, алаяқтар заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Оларға нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдер түк емес.

ІІМ өкілдері банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертті. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар