Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады

cover ҚР ІІМ бейнесінен кадр

Қазақстанның республикалық трассаларында лазерлік жарықтандыруды сынақтан өткізу басталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл жоба ішкі істер министрлігі мен көлік министрлігінің бірлескен бастамасы,  ол жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Пилоттық жоба ретінде Астана — Қарағанды — Алматы тасжолы таңдалды.

Қарағанды — Балқаш учаскесінде қазірдің өзінде жеті аркаға орнатылған 11 лазер іске қосылды. Қазақстан үшін бұл — осындай форматтағы алғашқы тәжірибе.

«Жобаның мақсаты — боран, тұман және көріну нашарлаған жағдайда жүргізушілердің бағдарлануын жақсарту, рөлде ұйықтап кету қаупін азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу»,  деп нақтылады ІІМ. 

Ведомство сондай-ақ қазақстандықтарды шаршаған күйде көлік тізгініне отырмауға шақырды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар