Қазақстан Президенті резиденциясы балалар лагеріне айналады
Сурет көрнекілік үшін
Қазақстан Президентінің Атырау облысындағы резиденциясы алаңында балаларға арналған білім беру және демалыс лагері пайда болады, деп хабарлайды Orda.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Келесі жылы 300 орындық асхана мен жатақхананың құрылысы басталады. Бұл мақсатқа бюджеттен 96 миллион теңге бөлінеді. Нысан облыстық «Дарындыларды анықтау және қолдау» орталығының балансына берілді.
Қазір аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Лагерьдің ашылуы балаларды қорғау күніне жоспарланған. Ғимарат пайдалануға берілсе 36 жұмыс орны ашылады.
«Біз ашуға дайындалып жатқан оқу-сауықтыру лагері облысқа өте қажет.Бұл жерде балалар олимпиадалар мен ғылыми жобаларға жан-жақты дайындалады. Сонымен қатар, мереке күндері бұл нысан демалыс және сауықтыру орталығы ретінде пайдаланылады», - деді білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті