Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
Фото: Ашық дереккөзден
5 сәуірде Қытайдағы «Қаза болғандарды еске алу күні (Цинмин)» мерекесіне орай өткізу пунктінің жабылуына байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы бірнеше автокөлік өткізу бекеттеріндегі операциялар уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстандағы Ресей кеден қызметі өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өткізу пункті жұмысының уақытша шектелуі Қытайда белгіленген «Қаза болғандарды еске алу күні (Цинмин)» мерекесіне байланысты. Ресей Федерациясы кеден қызметінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігі 5 сәуірде Қытайдың автомобиль өткізу пункттері жабылуына байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы іргелес өткізу пункттерінің жұмысы тоқтатылатынын мәлімдейді» деп жазылған хабарламада.
Уақытша тоқтатылатын автокөлік өткізу пункттері: Бақты (Абай облысы), Майқапшағай (ШҚО), Достық және Нұр Жолы (Жетісу облысы), сондай-ақ Қалжат (Алматы облысы).
Сонымен қатар, Достық және Алтынкөл (Жетісу облысы) теміржол өткелдері тәулік бойы қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
«2026 жылғы 5 сәуірде Краскино автомобиль өткізу пунктінде (Уссурий кедені) Ресей–Қытай шекарасы арқылы жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын өткізу жүзеге асырылмайды», деп қосты кеден қызметі.
Оқи отырыңыз:
- Қытаймен шекарадағы қолдан жасалған жосықсыз кезекке бақылау күшейтілді
- Қазақстандықтар қай елдерге төлқұжатсыз бара алады
- 2026 жылы еліміздің қай жолдары жөндеу көретіні белгілі болды
Жаңалықтар
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды
- Миллион оқырманы бар қытайлық блогерге Тоқаев атынан «Достық» ордені табысталды
- Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?
- Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді