Қазақстан мен Қытай арасындағы автотасымалдауға шектеусіз рұқсат беріледі
Фото: ҚР Көлік министрлігі
Қазақстан мен Қытай автотасымалдауға рұқсат берудің лимитсіз жүйесіне көшіп жатыр, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz.
«Қазақстан мен ҚХР автотасымалдауға рұқсат берудің лимитсіз жүйесіне көшуге келісті» деп жазылған таратылған хабарламада.
5-6 қарашада «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Көлік министрлігі өкілдерінің халықаралық автомобиль тасымалы мәселелері бойынша кездесуі өтті.
Қазақстан делегациясының құрамына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ және Тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері кірді.
«Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар 6-12 қараша аралығында Қытай Қазақстанға 15 мың рұқсат бланкісін береді деген уағдаластыққа қол жеткізді. Жеті күндік кезеңнің нәтижелері бойынша қазақстандық тасымалдаушылардың сапарға нақты орташа тәуліктік қажеттілігі айқындалады. Алынған деректер негізінде одан әрі бланкілер күн сайын беріліп отырады. 2026 жылдан бастап сандық шектеу белгілемей, бланкілерді лимитсіз бөлуге көшу жоспарланып отыр. Осылайша, ҚХР-ға электронды кезек жүйесі арқылы кіретін барлық көлік құралдарына Қытайда бұрын тіркелген заң бұзушылықтары болмаған жағдайда автоматты түрде бланкілер беріледі», деп нақтылады Көлік министрлігі.
2024 жылы қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкісін пайдаланған, ал жыл басынан бері 230 мыңнан астам қытай бланкісі пайдаланылды.
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ, Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдері арасында жаңа тамаша қарым-қатынастардың басталғанын мәлімдеп, «маған дейінгі президенттер Орталық Азия елдеріне лайықты көңіл бөлмеді», - деді.
Жаңалықтар
- Көше тазаламаған Талғар әкіміне 39 мың теңге айыппұл салынды
- Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ
- Еуропа қақпасы жабылып, ресейліктер шенгеннен шеттетілді
- Қазақстан мен Қытай арасындағы автотасымалдауға шектеусіз рұқсат беріледі
- Трамп: Маған дейінгі президенттер Орталық Азия елдеріне лайықты көңіл бөлмеді
- Мәжілісте тендерге қатысқан депутаттарды түрмеге отырғызу ұсынылды
- Павлодарда құтқарушылар үйінді астынан ер адамның мәйітін тапты
- Елге 3,1 млрд теңгелік есірткі жеткізбекші болғандар әшкере болды
- Стамбұл Газа секторында геноцид жасады деген айыппен Нетаньяхуды қамауға алуға ордер шығарды
- Қатты бораннан Семейден Павлодар бағытына 50-ден астам көлік шыға алмай тұр
- Күн суытты, көктайғақ: 8 қарашадағы ауа райы болжамы
- Алматыдағы Академқалашықтағы дау: тұрғындар мен құрылыс компаниясы арасындағы текетірес
- «Мен бәрін көрсетемін, келіңдер»: Депутат Базарбек қызметтік пәтерін «қойылым» дегендерге жауап берді
- Алматыда 7 жастағы қызды басып кеткен жүргізуші 2 жылға сотталды
- Сүлейменова нүктесін қойды: Мұғалімдерді қудалауға дейін жеткізген «Мақсатты мектеп» жобасы тоқтады
- Енді ұстаздар да жасанды интеллектке көшеді: Қазақстан үкіметі OpenAl компаниясымен меморандумға қол қойды
- Асыранды балаларына ит-мысықтың етін жегізген емші Смановқа сот үкімі шықты
- Өскеменнің орталығындағы 80-нен астам үй жылусыз қалды
- Алматыдағы 13 адамның мүрдесі шыққан Almaty hostel қонақ үйі бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды
- Белсенді Ақылбек Мұратов Қазақстаннан кетті