Қаскелеңде үзіліс кезінде аяқ астынан мектеп оқушысы қайтыс болды
Фото: Elements.envato.com
Қайғылы оқиға 21 қаңтар күні Қаскелең қаласындағы мектептердің бірінде болды. Жасөспірім 15 жаста еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарасай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, бірінші сабақтан кейін кенеттен баланың жағдайы нашарлаған. Мектеп әкімшілігі жедел түрде медицина қызметкерлерін шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін жасөспірімге мектеп қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Оқиға орнына жеткен медицина мамандары балаға медициналық көмек көрсетіп, оны аман алып қалуға тырысқанымен оқушы мектеп ішінде көз жұмды.
«Бұл жағдай отбасы, сыныптастары мен мұғалімдер үшін ауыр соққы болды. Қазіргі таңда мектеп тарапынан балалар мен педагогтарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», деп хабарлады білім бөлімі.
Уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын бастады. Жасөспірімнің мәйіті өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қарасай аудандық білім басқармасында әзірге толық түсініктеме беруге ерте екенін айтты.
«Қазір тексеру жүргізілуде. Толық ақпарат тексеру аяқталғаннан кейін ұсынылады» деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, Шымкентте 21 жастағы жас қыз Нұрайдың шағымын елемей, қызды қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады