«Қаш» фильмінің операторы Қытайдағы беделді Golden Panda Awards сыйлығын иеленді
Фото: Instagram / Азамат Дулатов
Қытайда өткен Golden Panda Awards 2025 халықаралық марапатында режиссер Айсұлтан Сейітов түсірген «Қаш» фильмі «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесін жеңіп алды. Оператор Азамат Дулатовтың еңбегі жоғары бағаланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жоғары марапат фильмнің бас операторы Азамат Дулатовтың еңбегіне беріліп отыр. Ол қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі — 30-жылдардағы ашаршылық қасіретін жарық пен көлеңкенің, композиция мен кадр тілінің көмегімен жеткізе алды.
Байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен келген танымал шеберлердің туындылары ұсынылды. Соған қарамастан, Дулатовтың жұмысы өзгелерден дараланып, халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Премьерасы бірнеше жыл бұрын өткен «Қаш» фильмі әлі күнге дейін көрерменнің жүрегінен орын алып келеді. Ел ішінде де, шетелде де талай адамды мойындатты. Golden Panda Awards-тағы бұл жеңіс — тек шығармашылық топтың жетістігі ғана емес, сонымен бірге қазақ киносының қуатын, ұлттық өнер мектебінің биік мүмкіндігін айқын көрсеткен туынды болды.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі