Кариб аралдарындағы қауіпті жанартау оянды

cover

Кариб теңізіндегі Сент-Винсет аралында ла Суфриер жанартауы оянды. Апатқа ұшыраған тұрғындарды эвакуациялауға круиздік кемелер келді.

Ақпарат Вusiness insider сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ла Суфриер жанартауының айналасындағы ең қауіпті аймақтардан 16 мыңнан астам адамды эвакуациялау жоспарлануда. Олардың кейбіреулері Кариб теңізіне көршілес — Сент-Люсия, Гренада, Барбадос және Антигуа аралдарына жеткізілді.

Алайда көптеген аралдардың билігі коронавирусқа қарсы вакциналанған адамдарды ғана өз аумағына кіргізуге дайын, деп жазады басылым.

— Сол себепті көпшілік круиздік кемеге отырмас бұрын вакциналаудан өтуі керек. Сент-Люсияға вакцина куәлігінсіз баруға болады, бірақ келгеннен кейін екпе алу мүмкіндігі бар, - деді Сент-Винсент пен Гренадин аралдарының премьер-министрі Ральф Гонсалвес.

Сент-Винсент аралындағы жанартау атқылауы 9 сәуірде басталды. Бұл 40 жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы жағдай. Табиғи апат салдарынан арал күлге айналды, көптеген үй жарық және сусыз қалды. Ғалымдар жанартау атқылауы бірнеше күн, тіпті бірнеше аптаға созылуы мүмкін деп ескертеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар