Қарды уақытында тазалап үлгермеген Алматы әкімдігі не деді?
Фото: Orda / Игорь Улитин
Алматы әкімдігі қаланы қардан тазалап үлгермегендігінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Соңғы екі тәулікте Алматыда көп — қалада 22 см, Каменск жотасында 40 см, Шымбұлақта 42 см қар жауды. Бұл айлық жауын-шашын мөлшерінің үштен бірі.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қар тазалау жұмыстарына тәулік бойы 600-ден астам техника және 1080 жұмысшы тартылған. Қар жауа бастағаннан бері 6,5 мың текше метр қар шығарылды.
Алайда, көшелерді тазалау кезінде жол бойында қар үйінділері пайда болды, оларды жою үшін уақыт қажет болғандығын айтты әкімшілік.
«Қар тазалау жұмыстары түнде ірі техникаларды, автогрейдерлер мен негізгі тиегіштерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Таңертеңгі уақытта жол жиегінде қар үйінділерінің болуы — бұл технологиялық қажеттілік. Қар толық шығарылып, келесі жұмыс ауысымы кезінде жойылады, содан кейін тротуарлар тазаланып, мұз жарылып, қар-мұз қабаттары алынады», — деп түсіндірді қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
Әкімдік автокөлік иелеріне, әсіресе түнгі уақытта, жол жиегінде көлік қоймауды сұрайды, себебі бұл қар тазалайтын техниканың жұмысын қиындатады.
«Бір тәулікте түскен қар мөлшері онкүндік норманы құрады, сондықтан қаладағы негізгі көшелердің қарын тазалау жұмыстары бүгін түнде аяқталады», — деп сендірді әкімдік.
.
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты