Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды

cover Фото: Pixabay

Хабарларға қарағанда, кеме Ресейдің аумақтық суларынан тыс жерде болған кезде белгісіз нысанның соққысына ұшыраған. Кеме сол сәтте Новороссийск қаласындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалына кіруге рұқсат күтiп тұрған. Танкер Қазақстан мұнайын тиеуі тиіс болған, деп хабарлайды Orda.kz.      

Зардап шеккендер жоқ, экипаж қауіпсіз. Кеменің үсті мен палубалық жабдықтары аздап зақымданған. Танкер бос болған, сондықтан қоршаған ортаны ластау тіркелмеген. Қазір кеме Новороссийскіден шығып кеткен.

Грекияның теңіз істері жөніндегі министрінің айтуынша, кеме Chevron компаниясы тарапынан жалға алынған, Салоники қаласынан шыққан және ешқандай жүк тасымалдамаған. Грекия министрі Василис  Кикилиастың айтуынша, осы оқиғаға байланысты Афины кеме қатынасының қауіпсіздігі мәселесін Еуроодақ кеңесі деңгейінде көтермек.

Сондай-ақ ол шабуыл жақында қабылданған, Ресей мұнайын санкциялардан уақытша шығару туралы шешімдермен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар