Кафе-ресторандардағы қызмет үшін алынатын 10 % төлем жойыла ма?

cover Фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрлігі қоғамдық тамақтану орындарында 10 пайыздық қызмет көрсету ақысы тек мәзірде нақты көрсетілген жағдайда ғана заңды болатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Министрліктің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Болат Танабергенов жаңа ережелер туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл өзгерістер азаматтық кодекске сәйкес қабылданып, ішкі сауда ережелеріне енгізілген. Министрлік өкілі қызмет көрсету үшін қосымша төлемнің заңды болуы үшін міндетті түрде мәзірде көрсетілуі керек екенін атап өтті.

«Азаматтық кодекске сәйкес, мәзір ұсыну – бұл ашық ұсыныс, ал қызмет көрсету үшін қосымша төлем туралы ақпарат мәзірде айқын көрсетілуі тиіс. Осыған байланысты, ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізілді, онда 10 пайыздық қызмет көрсету төлемі тек мәзірде тиісті ақпарат болған жағдайда заңды болады», – деді Танабергенов.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар