Қадыров денсаулығына байланысты тараған қауесетке қатысты жауап берді
Фото: Шешен Республикасы үкіметінің сайты
Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров әлеуметтік желіде тараған денсаулығына қатысты ақпараттың жалған екенін айтты. Ол өзі туралы қауесет таратқандарға қарсы шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Рамзан Қадыров Шешенстан үкіметімен кеңес өткізіп, желідегі өтірік ақпараттардың таралуымен белсенді күресуге ниетті екенін мәлімдеді. Ол бұл бағыт бойынша жұмыс тек Шешенстанда ғана емес, басқа өңірлерде де жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Бізге қастасып жүргендер білсін деп тағы айтайын, менің жағдайым жақсы. Маған күн сайын кеңес өткізудің қажеті жоқ, өйткені жұмыс барлық бағыт бойынша жолға қойылған және табысты екенін мәлімдеймін», — деді Қадыров.
Бұған дейін кейбір басылымдар Қадыровтың денсаулығында елеулі мәселелер барын хабарлады. Кейбір мәліметтер бойынша, 2019 жылы дәрігерлер оған «ұйқы безінің некрозы» диагнозын қойған. 2025 жылдың көктемінде оның жағдайы қайтадан нашарлағанын жазған.
Айта кетейік, шілдеде Рамзан Қадыров Түркиядағы демалыс айлағында суға батып кете жаздады.
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты