Күндіз автобус айдап, түнде газ станциясында кезекте тұратын шымкенттік жүргізушілердің жанайқайы
Бір газ станциясында 300-400 автобус кезекке тұрады. Шымкенттегі екі газ құю бекетінің бірі. Фотоколлаж: Orda
Миллионнан аса тұрғыны бар Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге арналған екі бірдей газ құю бекеті артық жүктемемен жұмыс істеуі жолаушылар тасымалы қызметі мен жол қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Автобус жүргізушілері күндіз көлік айдап, түнде бекетте кезек күтетініне наразы.
Былтыр көктемде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов 2020 жылы сыйымдылығы үлкен, сығымдалған табиғи газбен (метан) жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды және газ отынымен қамтамасыз ету мақсатында қосымша газ станциясы ашылды деген. Алайда қазір бұл станцияның жұмысында кемшілік бар, салдарынан жолаушылар тасымалы саласының қатысушылары: жүргізуші де, жолаушы да зиян шегіп отыр. Сағаттап кезек күтуге мәжбүр автобус белгіленген уақытта бағытқа шығып үлгермегендіктен жолаушылар: жұмыс істейтін тұрғындар мен оқушы-студенттер жолынан қалады, барар жерінен кешігеді. Жүргізуші тыңайып үлгермейді. Автобус кестеге сай жүруге асығады, жол ережесі бұзылады. Соңы – жол қозғалысына қатысушы тараптардың өмір қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
– Түні бойы кезекте тұрамыз. Кейде кезек 10-15 шақырымға дейін созылып кетеді. Таң атқанша тынығып үлгермейсің. Таңға таяу келсең, жолға түске қарай бір-ақ шығасың. Жолаушылар қайда жүрсіңдер, жұмыстан кешіктік деп айғайлайды. Онысы орынды. Бірақ біз де шарасызбыз. Басшылық пен әкімдік ең күрделі мәселені шешуге асығар емес. Соның кесірінен жүру кестесінен кешігеміз, еңбек уақыты ұзарып, уақытында демалмаймыз, мұның бәрі жол қауіпсіздігіне, денсаулық жағдайымызға әсер етеді, – дейді өзін Дулат Омар деп таныстырған жүргізушінің бірі.
Шымқала миллонер-мегаполиске айналғалы 5 жылға таяды. Ісі мандымаған көшпенді әкімдердің тұсында қоғамдық көліктер мәселесі жүйелі шешімін таппады. 800-ге тарта автобустың 600-ден астамы газбен жүреді. Оған тек екі ғаз құю бекеті қызмет көрсетеді.
Басқарма газ құюға арналған компания мамандары жұмыс істейді дегенімен жүргізушілер мұны терістейді. Олар көбіне таңғы сағат 4.00 кезінен бастап кезекке тұратынын айтады. «Shymkent bus БК» ЖШС-іне тиесілі №19, 21, 52, 92, 96, 113, 158, 158А т.б. бағыттағы автобус жүргізушілері түн қатып түзде кезек күтіп отыратынына шағынды. Мәселенің мән-жайы, жүргізушілердің еңбек жағдайы жөнінде компанияның үш құрылтайшысы («Shymkent әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, Азамат Тоғысбаев Нұрланұлы, Бауыржан Тажибеков Пернебекович) және басшысы Азат Қайыпбековпен байланысу мүмкін болмады.
Әр автобусқа газ құюға кемі 15-20 минут кетеді. Басқарма мәселені жылы жауып қоюға үйреніскен тәрізді. Осыған дейін жеке инвесторлардың көмегімен тағы 2-3 станция ашу бастамасы айтылғанымен, қазір іске асар емес. Жергілікті билік автобус жүргізушілері жетіспейтінін алға тартады. Ал мамандар жүргізушіге артылған шамадан тыс жүктеменің кесірінен, еңбек пен жалақының лайықсыздығынан көпшілік қызықпайды дейді.
Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қалада 13 тасымалдаушы компания 80-нен аса елді мекен жолаушыларына 78 бағыт бойынша 800-дей автобус қызмет көрсетеді. Оның басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде белгіленіп, жергілікті бюджеттің есебінен субсидияланып отыр.
Әкімдік қоғамдық көлік саласын жаңдандырып жатқалы бірнеше жыл болды. Бірақ ең басты істелуі керек автопарк құрамын газдандыру нысандарының мәселесін шеше алмай отыр. Карантин үдеп тұрған шақта жүздеген миллион қаражатты ойын-сауыққа жұмсап, қоғам сынына ұшыраған Әйтенов командасы жолаушылар тасымалына төнген қауіпті қалай қайтарары әлі белгісіз. Газға ауысып жатқан көліктер мен техниканың көбейіп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта миллион тұрғынға арналған екі бекеттің түбіндегі кезек ұзармаса, қысқармайтын тәрізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық