Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндады
Фото: Бейнеден кадр
Жуырда ғана Атырау облысының соты 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісіне нүкте қойды. Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі адам шошырлық бейнеролик жариялады. Бейнеден Қайыржанов пен Катимовтың көлік ішінде Яна Легкодимованы өлтірген кадрды көруге болады.
Полицейлер қыз жоғалып кеткеннен кейін іздеу жұмыстары дереу басталғанын, күдікті ретінде екі адамның ұсталғанын атап өтті.
«Камералардағы жазбаларды қарау кезінде ақ көлік үйлердің алдына келіп тоқтағанын көрдік. Ол көлік Ризуан Қайыржановқа тиесілі болды. Кадрда қыздың салонға отырғанын көруге болады. Көлік сыртынан екінші адам есікті жауып тұрады. Ал іштегі адам қызды тұншықтырады, Осыдан кейін сырттағы жігіт көлік ішіне отырады. Кейін олар Талдыкөл ауылына қарай бет алады», — дейді тергеуші Темірхан Хажмұратов.
Тергеушілер жолдағы камералар түсірген бейнежазбалардан көліктің бағытын анықтаған. Күдіктілер екі күннен кейін ұсталды. Олардың бірі Құрманғазы ауданына кетіп үлгерген. Ал екіншісі Яна Легкодимованың іздерін жуып, тазалап, телефонындағы ақпараттарды жойған. Алайда, тергеу жойылған дәлелдерге қарамастан оқиғалар тізбегін қалпына келтірген.
«Біз бірінші болып Қайыржановты анықтадық. Оның айғақтары бойынша Катимов ұсталды. Менің тәжірибемде алғаш рет бірінші болып күдіктілер ұсталып, марқұмның денесі кейіннен табылды. Алайда күдіктінің сөздерін зерделей отырып, біз қылмыс орнын анықтадық», — деп толықтырды Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ерлан Құсайынов.
ІІМ қызметкерлері кейде ұсақ-түйек ақпараттардан шындық шығатынын айтады. Олар мінез-құлықты мұқият бақылайтынын, психологиялық жағдайды дұрыс бағалауға тырысатынын айтты.
«Басты күдікті тергеуді шатастыруға тырысты. Алайда бәрі айдан анық болды. Соттың санкциясынан кейін біз Қайыржанов пен Катимовтың хат алмасуын оқыдық. Хат-хабарларда олар кісі өлтіру жоспарын әбден талқылаған. Олар интернеттен тіпті Қазақстанда кісі өлтіргені үшін қанша жылға сотталатынын да іздеген. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларындағы жазбалар қанша уақыт сақталатынына қызығушылық танытқан», — дейді тергеушілер.
Айта кетейік, Атырауда жолға таласып, төбелес шығарған жүргізушілерді арнайы жасақ ажыратып алды.
Жаңалықтар
- Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндады
- Ақтөбеде жетімдерге сапасыз жатақхананы үй ретінде ұсынған депутаттар сотталып жатыр
- Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
- Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өзінің гетеросексуал екенін айтты
- Павлодардағы кеніште 31 жастағы жұмысшы жігіт қаза тапты
- Атырауда жолға таласып, төбелес шығарған жүргізушілерді арнайы жасақ ажыратып алды
- Павлодарда балаларын терезеден лақтырған ана жауапкершіліктен босатылды
- Тасмағамбетов кетеді, Бішкекте ҰҚШҰ-ның жаңа хатшысы сайланбақ
- Құлыбаевтар Halyk Bank акцияларын қаншаға сатты?
- Рудныйда тұрғындар көшелерін қазақша атауға қарсы шықты
- Алматыда адам ағзаларын заңсыз саудалаған азаматтың жазасы жеңілдетілді
- «Теріс діни ағым»: Еліміздің 4 қаласынан терроризмге шақырған 6 адам ұсталды
- Абай облысында «ELL QUATY» атты пирамиданың басшысы қолға түсті
- Қырғызстанның экс-президентінің ұлына билікті құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды
- Генадий Головкин World Boxing президенті атанды
- ФИФА-ның ірі футбол турнирі Қазақстанда өтеді
- Трамптың арнайы өкілі: Украина Ресейге аумағының бір бөлігін беруіне тура келеді
- Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға электр қуатымен көмектесіп, есесіне су алатын болды
- Instagram блогерлер Борейко, Бокаев және Ниязовтың жарияланымдарын жойды
- Белгілі әнші Мұқасан «Нұрмұқасан» тобына жаңадан қосылған Ғалымжанды көгала қойдай етіп сабап тастады