Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
Фото: Азаттық
Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан Льорет-де Мардағы көшені қайтарып алды. Назарбаевтар әулетінің вилласы жаяу жүргіншілер жолын жауып тастаған болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
2023 жылы вилланың жанына 100-ге жуық тұрғын наразылық білдіріп жиналды. Кейбірі қоршауды бұзды. Наразылық акциясына қатысушылар жаяу жүргіншілер жолын ашуды талап етті. Олар Каталония Жоғарғы сотына шағым түсірді. 2023 жылдың тамызында Каталонияның Жоғарғы соты Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасын жағалау жолы учаскесін ашуға міндеттеді. Назарбаевтың отбасына тиесілі Сan Juncadella вилласы туристердің соқпақ арқылы өтуіне кедергі келтірген. Бұл мүлік Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаеваға тиесілі.
Испанияның БАҚ өкілдері 38 мыңнан астам тұрғыны бар Льорет-де-Мар қаласының тұрғындары 2007 жылдан бері бұл мәселемен күресіп келе жатқанын жазды. Әрі ол маңайда қарулы күзетшілер жүретіні хабарланды. Нәтижесінде Каталонияның Жоғарғы соты жаяу жүргіншілерге арналған жол учаскесін ашуға шешім қабылдады.
Жылжымайтын мүлік Коста-Брава жағалауында орналасқан. Виллада 17 жатын бөлме, 25 ванна, түнгі клуб және тіпті шаштаразға арналған бөлме мен кинозал бар. Аймақ 20 гектар орман алқабымен қоршалған.
Айта кетейік, Динара Құлыбаеваға тиесілі ҚБТУ мемлекетке қайтарылды.
Еске сала кетсек, Orda.kz тұңғыш президенттің туған күні әрі Астана күні болған 6 шілдеде 30 жылда Назарбаев қалыптастырған жүйенің қазіргі қоғамға әсері жайлы саралап көрді. 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде 30 жыл бойы өнер туындылары, әдеби шығармалар, одалар, мақалалар, мадақтар арналған елбасы ықпалының іргетасы шайқалды. Оны Талдықорғандағы Назарбаевтың мүсінін наразы шерушілер ұрып-соғып, арқанмен асып қойғанда анық көрдік. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады