Исламтанушы ел ішінде арандатушы уағызшылар көбейгенін айтты
Фото: Бейнеден кадр
Исламтанушы Тимур Әлиев соңғы күндері қоғамда қызу талқыланған бірнеше резонансты оқиғаға пікір білдіріп, бұл жағдайлардың барлығы Қазақстанда дін атынан сөйлейтін, алайда ресми діни құрылымға қатысы жоқ әрі діни білімі жеткіліксіз адамдардың көбейіп кеткенін көрсететінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, кейбір ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі парақшалар мұндай адамдарды «имам», «діни өкіл» немесе «уағызшы» ретінде көрсетіп, қоғамды шатастырып отыр. Тимур Әлиев мұны хайп қуудың бір көрінісі деп бағалады.
Исламтанушының айтуынша, сұхбатынан кейін қоғам талқысына түскен Құрбанәлі Ахметовті ресми дін өкілі ретінде көрсетуге болмайды. Ол бұл адамның ешқандай қырынан ресми дін басыларына жатпайтынын, сондықтан оның пікірін исламдағы ресми ұстаным немесе имамдардың көзқарасы ретінде қабылдау дұрыс еместігін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай адамдардың интернеттегі көптеген мәлімдемелері қате, жаңсақ әрі әһлі сүннет сеніміне қайшы келеді. Сондықтан олардың қоғам алдында дін атынан сөйлеуі қауіпті. Осыған байланысты ол Құрбанәлі Ахметовтің әкімшілік жауапкершілікке тартылуын орынды шешім деп бағалады.

Наурыз туралы даулы мәлімдеме
Тимур Әлиев соңғы күндері талқыланған тағы бір жағдайға да тоқталды. Бұл — Наурыз мерекесі туралы даулы пікір айтқан азаматтың ісі. Оның сөзінше, кейбір адамдар қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жоққа шығарып, қоғамда дау туғызатын мәлімдемелер жасайды. Мұндай әрекет халықтың дәстүрі мен рухани мұрасына құрметсіздік танытумен тең.

Исламтанушы бұл оқиғаға байланысты тиісті органдар назар аударуы керек екенін айтады. Ол мұндай даулар тек діни сауатсыздықтан ғана емес, сонымен бірге халықтың тарихы мен дүниетанымын түсінбеуден туындайтынын айтты.
Тимур Әлиев өз сөзінде соңғы күндері салафиттік бағыттағы тағы бір уағызшының Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша, яғни әлеуметтік және діни алауыздықты қоздыру фактісімен қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын да атап өтті. Оның пікірінше, қоғамда іріткі салатын, діни араздықты күшейтетін және адамдарды шатастыратын мұндай әрекеттердің жолы кесілуі керек.
Ол мұндай тұлғалардың қызметін дер кезінде тоқтату маңызды екенін айтып, дін мәселесінде радикалды, қате немесе арандатушылық сипаттағы пікірлерге бейжай қарауға болмайтынын ескертті.
Тимур Әлиевтің айтуынша, Қазақстандағы үлкен проблемалардың бірі — діннен терең білімі жоқ адамдардың шариғат, ахкам және сенім мәселелері жөнінде сөйлеуі.
«Діни сұрақтар туындаған жағдайда әлеуметтік желідегі даулы тұлғаларға емес, жергілікті имамдарға жүгіну қажет. Діни мәселелерді ресми діни өкілдерден сұрап, сенімді дереккөзге сүйену қажет», — деді исламтанушы.
Ол мұндай жағдай тек діни ортада ғана емес, медиа кеңістігінде де жиілеп кеткенін айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Екі жыл бойы қысым көрді»: Атыраудағы оқушы қызды пышақтауға мектептегі буллинг себеп болған
- Стамбұл әуежайында түрік актрисасы Ханде Эрчел ұсталды
- Қатарында басшылар да бар: Ұлытауда бәс тіккен 30-дан аса мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды
- Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі төніп тұр?
- Маңғыстауда мектептегі акт залының төбесі құлады: Полиция қылмыстық істі тоқтатты
- Исламтанушы ел ішінде арандатушы уағызшылар көбейгенін айтты
- Қарақшылар 3 минут ішінде Италиядағы музейді тонап кетті
- Шығын — 10 млрд теңге: Қаржы пирамидасын басқарған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
- БҚО-да полицияға бағынбаған бір топ адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
- Ресейдің Усть-Луга вахталық кентіндегі төбелесте 10 қазақстандық ұсталып, үшеуіне қатысты тергеу басталды
- 3 миллион доллардың есірткісі: Ұлытау облысында ірі есірткі арнасының жолы кесілді
- Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы қызметінен босатылды
- Рамзан Қадыров Шешенстанда төтенше жағдай жариялады
- Атырау вокзалында такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап тастады
- Қазақстанда зейнетақы активтерін басқаратын алтыншы жеке компания пайда болды
- Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ түрмесінен үндеу жариялады
- ШҚО-да жолдағы бала өліміне қатысты жол-құрылысы ұйымының бас инженері сотталды
- Қытай компаниясы Қазақстандағы кен орнын сатып алып рекордтық дивидендке қарық болды
- Қайын жұртын түгелдей қырып тастаған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- Айыппұлға ашуланған екі жігіт көшедегі камераларды қиратқан