Иранның жауһары саналған көпір құлады: Трамп Иранды келісім жасауға шақырды

cover Фото: Бейнеден кадр

Дональд Трамп АҚШ әскери күштерінің соққылары салдарынан Иранда түк қалмауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social желісінде жазды. 

Америкалық-израильдік күштер Тегеран мен Карадж қалаларын байланыстыратын В1 көпірін қиратты. Иран қарсыластарының бұл әрекетін қатаң айыптады. Енді олар Кувейт, Сауд Арабиясы, Әбу-Даби және Иорданиядағы көпірлерге соққы жасамақ. 

Ал Америка көшбасшысы көпірдің қираған сәтінен кадрлар жариялады. Жазбасын Иранға үндеумен толықтырды.

«Ирандағы ең үлкен көпір қирап жатыр және енді ешқашан пайдаланылмайды. Бұл тек бастамасы! Иран тым кеш болмай тұрғанда және елде әлі де болса бірдеңе сақталып тұрғанда келісімге келуі керек» деп жазды Трамп.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар