Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
Фото: Ашық дереккөзден
Израиль Иран аумағындағы 30 нысанаға соққы жасады, олардың қатарында ел президентінің резиденциясы мен Ислам революциясы сақшылар корпусы барлау қызметінің басшысы тұратын орын да бар деп израильдік БАҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті БАҚ Тегерандағы президент сарайына жасалған соққының кадрларын тараттты. Алғашқы израильдік есепке сәйкес, Израиль Иран президенті Масуд Пезешкянды өлтіруге әрекет жасаған.
Сонымен қатар Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи астанада емес. Аятолла қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Reuters.
Ал Fars News Agency Ирандағы жарылыстар Исфахан, Карадж және Керманшах қалаларында да тіркелгенін мәлімдеді.
АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары республиканың қауіпсіздік жүйесін әлсіретуге бағытталған, деп Al Jazeera америкалық дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Израильдің Ирандағы операциясы «Яхуд қалқаны» деп аталғаны туралы да ақпарат тарап жатыр.
Иранға жасалған соққылар кемінде төрт күнге созылады, деп аты-жөнін атамаған жоғары лауазымды израильдік шенеунікке сілтеме жасап 12 канал хабарлады.
Тегеранда төтенше жағдай жарияланды.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац соққы алдын алу сипатында және қауіп-қатерлерді жоюға бағытталған деп мәлімдеді. Елордада бірнеше жарылыс болды. Себептері ресми түрде анықталмаған.
Израильдік БАҚ елдің әуе кеңістігі жабылғанын хабарлайды. Channel 12 телеарнасының ақпараты бойынша, операция АҚШ-пен бірге жоспарланған болуы мүмкін.
Дабыл дауысы Иерусалимде де естілді. Армия бұл ықтимал қарсы шабуылға дайындық екенін мәлімдеді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Тегеранда ұшқышсыз соққы беру мүмкіндігі қарастырылуда.
Израильде ТЖ режимі енгізілді. Тыл қолбасшылығы қауіпсіздік ережелерін қатаңдатқан: сыни инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, мектептерде сабақтарға, бұқаралық іс-шараларға және кеңселердің жұмысына тыйым салынған. Тұрғындарды баспанаға жақын тұруға шақырады.
Зардап шеккендер туралы ресми деректер әзірге жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Неліктен Израильдің Иранға жасаған шабуылы Қазақстанға пайда әкелді?
- «Израиль жазасыз қалмайды»: Иран Жамқаран мешітінің үстіне қып-қызыл «кек туын» көтерді
Жаңалықтар
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды
- Қазақстан мен тағы бірнеше ел Ираннан өз дипломаттары мен азаматтарын кетуге үндеді
- Павлодарда студент өзін пышақтап тастады
- Қытайлық әйел бірден бес сәби дүиеге әкелді
- Қазақстанның бас прокуратурасы «Эпштейн файлдары» бойынша тексеріс бастады
- Шымкентте ұстазынан азғындық көрді деген оқушының анасы өз шындығын айтты
- Мемлекет басшысы Сербия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- Жамбыл облысында пәтерлерде жүздеген «көрінбейтін тұрғын» тіркеліп алған
- Зардап шеккендерге — 1 млн теңге: Щучинсктегі жарылыста мерт болғандардың отбасыларына 2 млн теңгеден беріледі
- Туысын жұмысқа алса өзі қызметтен кетеді: Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің міндетін қатаңдатты
- Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушы жүкті болып қалды: Іс қозғалды
- Telegram бұғаттала ма? Роскомнадзор нақты жауап бермеді