Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметін нотариус атқара ала ма?

«Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтарында қызмет алу ұзақ уақыт алады. Онлайн портал ұзақ жүктеледі, кезекті ұзақ күтуге тура келеді», - деген шағымдар көп түседі.
Құқықтық қызмет көрсететін тек ХҚКО ғана емес. Жеке нотариустар да азаматқа көптеген сұрақтарға байланысты көмек көрсете алады.
ХҚКО орталығымен нотариус бірдей қызметтер көрсете ала ма? Қандай жағдайда ХҚКО орталығына, қай жағдайда нотариусқа жүгінуге болады? Orda.kz редакциясы екі жақтың сарапшыларынан пікір алып, сұрақтарға жауап іздеді.
Халықты бірінші кезек қызықтыратын сұрақ жеке ақпараттың қауіпсіздігі және оның сақталуы.
ХҚКО орталығының өкілі Жаңыл Әпетованың айтуынша, ХҚКО қызметкерлері тек қана қызмет алушының жеке сұранымына ғана қызмет көрсете алады.

— Халыққа қызмет көрсету орталығында мөр болмайды. Барлық қызмет әр адамның жеке электрондық кілтімен жүзеге асырылады. Бізден ешқандай ақпарат басқа органдарға кетпейді. Бұрында сұраныстарға өңдеу жасайтынбыз. Қазіргі таңда ондаймен айналыспаймыз. Ешкімге ешқандай ақпарат берілмейді.
Нотариустағы ақпарат қауіпсіздігіне келсек, Алматы қаласындағы жеке нотариус Ербол Қалиев нотариалдық кеңсе көрсететін қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптығы, құпиясы қағидаттарына негізделеді дейді.

— Заңнамаға сәйкес жеке нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Бұдан басқа, нотариус заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық, әкімшілік, материалдық, тәртіптік және өзге де жауапқа тартылады.
Ақпарат қайда сақталады? Жинақталған жүйе бар ма?
— Жинақталған жүйе деп тұрғаныңыз - статистика. Біз кімді, қай уақытта, қашан қабылдағанымызды көре аламыз. ЖСН жазған кезде статистикада автоматты түрде азамат қашан, қандай қызмет түрін алғаны шығады. ЖСН тергенде адам қандай сұраныммен келді — сол статистика ғана ашылады. Тұлға жайлы негізгі ақпарат ешкімге берілмейді. Ақпарат журналда сақталады, журнал сейфте,- деп түсіндірді ХҚКО өкілі.
Ербол Қалиев нотариус тұлға туралы ақпаратты нотариаттық ортақ жүйеде, ал құжаттарды архивте сақтайтынын айтты.
— Нотариус бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен жұмыс істейді. Ол өз кезегінде көптеген мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілген. Атап айтқанда, нотариус жеке басын куәландыратын құжаттардың дұрыстығын, жүгінген адамда неке қатынастарының болуын немесе болмауын, тұрақты тіркелген мекен-жайын тексере алады. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде құжаттардың барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамаға сәйкес нотариуста сақталатын нотариаттық архивті қалыптастырады. Кейбір нотариаттық іс-әрекеттер, мысалы, мұрагерлік істер, жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар, сондай-ақ басқалары тұрақты сақтауға жатады, яғни жойылу мерзімі жоқ. Өз қызметін тоқтатқаннан кейін нотариус өз мұрағатын басқа нотариусқа немесе нотариаттық мұрағатқа өткізеді.
Нотариус ХҚКО орталығы көрсете алмайтын қандай қызметтерді атқара алады?
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Нотариат туралы Заң) 34-бабына сәйкес)
Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
- мәмілелерді куәландырады;
- шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады; ;
- мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындайды;
- мұраға құқық туралы куәліктер береді; ;
- ерлі-зайыптылар мен ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
- куәландырады, құжаттар көшірмелерінің және олардан алынған үзінділерді;
- құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; ;
- аударманың дұрыстығын куәландырады құжаттардың бір тілден екіншіге;
- азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;;
- азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
- құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді;
- ақшаны депозитке қабылдайды;;
- атқарушылық жазбалар жасайды;
- дауды реттеу туралы келісімдерді куәландырады;
- вексельдерге наразылық жасайды;
- құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды;;
- теңіз наразылықтарын жасайды;
- дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
- «Қазақстандағы түрме азабы»: «Қара генерал» ісіндегі шезофрениямен ауыратын сотталушының қор болған ғұмыры
- Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
- «Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
- Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
- «Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?
- Нұржан Бексұлтанова халықаралық жүлдеге ие болды
- Прокурор Алматы әуежайында шу шығарған ер адамды 10 жыл 6 айға соттауды сұрады
- Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
- «Жаза бәріне ортақ»: Премьер Бектенов Назарбаевтар әулетіне қатысты тергеу ісі туралы айтты
- Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер өзі түсініктеме берді
- Жәбірленуші бола тұра қылмыскер атандым: Аяусыз пышақталған жасөспірімнің анасы әділдік сұрайды
- Мен халыққа жақсы атану үшін «тариф өспейді» деп айтқым келмейді – премьер-министр
- Перизат Қайраттың Араб Әмірліктерінің билеуші әулетімен байланысы бар
- Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін бауыздап өлтірді
- Атыраулық көпбалалы ана сүндетке отырғызу бағасына наразы болды
- Тоқаев әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты
- Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды