Геннадий Головкин Джеки Чанға қазақтың шапанын сыйлады

cover Головкиннің Instagram парақшасы

Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада-2026 ойындары аясында екі аңыз тұлға бокстан экс-әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемге танымал актер Джеки Чан жүздесті, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің төрағасы және World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Instagram парақшасында әлемдік кино жұлдызымен түскен суретін жариялады. Фотода Джеки Чан қазақтың ұлттық шапаны мен тақиясын киіп түскен.

«Біздің буынның аңыз адамы – Джеки Чанмен кездесу» деп жазды Головкин. 

Геннадий Головкин әлемге танымал актерге қазақтың шапанын жауып, тақиясын кигізді.

Бұған дейін Олимпиада–2026 барысында көрсетілім бағдарламасынан кейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты қолына ойыншық пандалар ұстаған Джеки Чан қарсы алған болатын. Гала-концерттің құрметті қонағы қазақстандық спортшының өнеріне жоғары баға берді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар