Ғаламтор арқылы алаяқтық іспен айналысатындардан 1 млрд теңгеге жуық ақша қайтарылды
Фото: Ашық дереккөзден
Бұл туралы ІІМ орынбасары – Айдос Рысбаев растады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Биыл Қазақстанда 3645 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл жалпы қылмыстың - 18 пайызы және барлық алаяқтық дерегінің 43 пайызы. Өңірлерде "Киберпол" мамандандырылған топтары жұмыс істейді. 2023 жылы олар 3,7 мыңнан аса қылмысты ашылды. Қазақстандықтарға 850 миллион теңге қайтарылды», - деді Айдос Рысбаев мәжілісте.
Министрдің мәліметінше 2000-ға жуық алаяқ жауапқа тартылды.
«1891 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 460 адам 2 және одан да көп адамды алдаған. Биыл интернет желісін мониторингтеу барысында Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттау үшін 6,1 мың интернет-ресурсқа қатысты ақпарат жіберілді. Оның ішінде алаяқтық белгісі бар 3 мың сайт, есірткі қылмысы бойынша 529 сайт, экстремистік сипаттағы 1,6 мың сайт бар», - деді ол.
ІІМ өкілі ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық шетелде жасалғандықтан, анықтау қиынға соғатынын жеткізді.
«Мысалы, 2023 жылдың соңында Астанада алаяқтар жұмыс істеген 4 сall-орталық анықталды. Олардың қызметкерлері тек шетелдік нөмірлерден қоңырау шалған. Сондай-ақ интернет алаяқтық шетелден жасалады. Салдарынан қазақстандықтар зардап шегеді. Мысалы, Украинада Қазақстан азаматтарын алдаған ірі сall-орталығының мүшелері ұсталды. Мұндай қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие болғандықтан оларды тергеу өте қиын», - деді Айдос Рысбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық