Футболды дамыту мәселесіне тоқталды: Тоқаев Халықаралық падел федерациясының басшыларымен кездесті
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро және Premier Padel кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифимен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесу кезінде Қазақстанда падел спортын дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Қазір елімізде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қауымдастық жұмыс істейді және 16 облыста өңірлік федерациялар құрылған. Тоқаев мемлекет бұқаралық спортты дамыту мен заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Қазіргі кезде елімізде падел ойынына арналған 17 корт бар екен.
Мемлекет басшысының айтуынша, 2027 жылы Алматы қаласында халықаралық талаптарға сай келетін, 10 корты бар ADD PADEL ARENA спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Президент футболды дамыту мәселесіне де тоқталды. Ол Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелі орта қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі әрі «Пари Сен-Жермен» клубының акционері Нассер Әл-Хелаифиге футболды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады.
Жаңалықтар
- «Балалар тіл түсінбей жылайды»: Петропавлда қазақ балалары орыс топтарға баруға мәжбүр
- Қарағандыда жүргізуші әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
- Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарға қарсы: Қазақстанның басты жекпе-жегі ме?
- Футболды дамыту мәселесіне тоқталды: Тоқаев Халықаралық падел федерациясының басшыларымен кездесті
- «Қосанов халық алдына шықсын!»: Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары талаптарын айтты
- Тоқаев мемлекеттік сапармен Ресейге барады, ал елдегі форумға онлайн қатысады
- Өзімізді өртейміз: Хасан Қасымбаев соттағы соңғы сөзін айтты
- Алматыдағы балалар үйін жалмаған өрт: Әмина Әжібаева алаяқтарға ескерту жасады
- «Қызылжар» футбол клубы Сергей Канның қолына өтті
- Шымкенттік бір келіншек жүкті әйелдерді тақырға отырғызды
- Атырауда боди-массаж жасаған әйел келушісін өлтіргені үшін сотталып жатыр
- Ақмола облысында балалардың күрестен өткен жарысында бапкерлер төбелесіп қалды
- Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митиңге шықты
- Алматы облысында өзіне қол жұмсаған баланың інісі орталыққа орналастырылды
- Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану бойынша маңызды шешім әзірленіп жатыр
- Жамбыл облысында 16 жастағы студенттің мүрдесі табылды
- Қазақстан ICАО нұсқасы бойынша авиациялық қауіпсіздік көшбасшыларының қатарына енді
- 9 қарашадағы Қазақстанның айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубль бағамы
- Енді миллионерлер Нью-Йоркте емес, Дубайда тұрады
- АҚШ-та жалақы алмаған ұшқыштар жұмысқа шықпай, ұшақтар тоқтап қалды