FlyArystan рейс уақытын өзгертіп, кейін жолаушыны айыппұл төлеуге мәжбүрлеген
FlyArystan әуе компаниясы рейс уақытын төрт сағатқа шегеріп қана қоймай, билет күнін ауыстыру үшін жолаушыдан 188 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандық азаматша Атыраудан Алматыға ұшуы тиіс рейстің уақыты өзгеріп, жоспарланған кездесуге үлгермей қалғанын айтып, әуе компанияның әрекетіне наразылығын білдірді. Оның айтуынша, ол алты адамға билет алып, алдын ала дәрігерге жазылған. Алайда рейстің уақытын компания өзі өзгерткеніне қарамастан, күнді өзгерту үшін жолаушыдан айыппұл талап етілген.
«Мен алты адамға билет алдым, дәрігерге алдын ала жазылғанмын. Енді рейс уақытының өзгеруіне байланысты дәрігерге үлгермеймін. Күнді ауыстыру үшін 188 мың теңге төлеуім керек екені айтылды. Бұл қалай болғаны? Уақытты өзгерткен сіздер, неге мен айыппұл төлеуім керек?» деп жазды Instagram парақшасында жолаушы.
Сонымен қатар, ол қаңтар айында болған тағы бір оқиғаны еске алды, ол кезде артық жүк үшін 50 мың теңге төлеуге мәжбүр болған. Жаңа багаж рәсімдеуге мүмкіндік берілмеген, тек екі таңдау ұсынылған — не төлеу, не заттарды тастап кету.
FlyArystan компаниясы Orda.kz-ке берген жауабында былай деді:
«2025 жылдың 13 қазанына жоспарланған Атырау – Алматы бағытындағы FS7201 рейсінің ұшу уақыты өндірістік себептерге байланысты 14:40-тан 19:15-ке ауыстырылды. Егер уақыттың өзгеруі бес сағаттан аспаса, билетті қайтару немесе күнін өзгерту тариф шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Толық ақпарат компания сайтындағы «Рейс мәртебесі өзгерген кездегі саясат» бөлімінде көрсетілген».
Жолаушының айтуынша, Pegasus Airlines секілді шетелдік әуе компаниялары мұндай жағдайда үш түрлі нұсқа ұсынады: билет ақшасын қайтару, қайта брондау немесе ашық билет. Ал FlyArystan тек бес сағаттан астам өзгеріс болғанда ғана тегін қайта брондауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Алматы авиациялық прокуратурасы FlyArystan компаниясының duty free дүкенінен сатып алынған тауарларды тегін алып жүруге тыйым салуы заңсыз екенін анықтаған еді. Прокуратураның араласуынан кейін 2025 жылдың 1 қазанынан бастап мұндай тауарларды қол жүгінде алып жүруге рұқсат етілді.
Қазақстандықтар Алматы мен Нью-Йорк арасындағы рейсті бірнеше жылдан бері күтіп отыр, енді Алматы - Нью-Йорк бағыты 2026 жылы тікелей рейс ретінде іске қосылады.
Ал «Эйр Астана» әуе компаниясының Лондон-Алматы бағытындағы алғашқы рейсі 2024 жылы 1 маусымда 8:50-де бортындағы 94 жолаушымен қонды.
Жаңалықтар
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды