Филиппинде 7,6 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Trend.az
Филиппиннің Давао портынан шамамен 144 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Дүмпу эпицентрі теңіз түбінен 58 шақырым тереңдікте орналасқан. Филиппиннің вулканология және сейсмология институты Шығыс Давао, Шығыс Самар, Оңтүстік Лейте және Солтүстік Суригао сияқты провинцияларда жойқын цунами болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, биіктігі 1–3 метрге дейін жетуі мүмкін толқындар болуын жағалау маңындағы тұрғындарға ескертті.
Президент Фердинанд Маркос кіші оңтүстік өңірлерден тұрғындарды шұғыл эвакуациялауды тапсырды.
«Қазіргі уақытта біз барлық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Мен қауіп-қатерді азайту және табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық кеңеске, азаматтық қорғаныс басқармасына, қарулы күштерге, Филиппиннің жағалау күзетіне және барлық мүдделі ведомстволарға жағалаудағы аудандарды дереу эвакуациялауды тапсырдым. Сондай-ақ шұғыл байланыс желілерін қосу керек. Іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу және алғашқы көмек көрсету бойынша жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр», — деді президент.
Сонымен қатар, құтқару қызметіне қазірге дейін зардап шеккендер мен қираулар туралы нақты ақпарат түспеген.
Айта кетейік, Қырғызстанның Манас қаласындағы бір үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды. Полиция нәрестенің анасы 15 жастағы қыз екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды