Ердоғанның қарсыласы Экрем Имамоглу сотталды

cover Фото: turkeytribune

2025 жылғы 11 сәуірде Түркия оппозициясының өкілі, Стамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоглу прокурорға қоқан-лоқы көрсетіп, қорлағаны үшін бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Сот оны мемлекеттік айыптаушыны қудалауға арандатты деген айып бойынша ақтап шықты. Алайда прокурорға тіл тигізіп, қоқан-лоқы көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.

Имамоглу 19 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу аясында ұсталды. Прокуратура оның аты бірқатар кәсіпкерлермен бірге заңсыз қаржыландыру ісінде аталғанын хабарлады. Кейін Түркияның Ішкі істер министрлігі оны уақытша қызметінен шеттетіп, қамауға алынғанын растады.

Экрем Имамоглу 2019 жылдың наурызында Стамбұл мэрі болып сайланған. Ол президент Режеп Тайып Ердоған басқаратын «Әділет және даму» партиясына қарсы оппозицияның белді өкілі.

Түркиядағы оппозиция бұл істің саяси астары бар деп санайды. Себебі Имамоглу келесі президент сайлауында Ердоғанға ықтимал қарсылас ретінде қарастырылған. Оның қамауға алынуы Түркиядағы соңғы жылдардағы ең ірі наразылық толқынына себеп болды. Әсіресе Стамьұл мен Анкарада жақтастары бірнеше рет шеруге шықты.

AFP агенттігінің мәліметінше, бұл оқиға елдегі 2013 жылғы наразылықтардан бергі ең ірі қоғамдық толқуға ұласқан. Reuters дерегіне сәйкес, экс-мэр ұсталғаннан кейін он күн ішінде ел бойынша 220-ға жуық наразылық шарасы өткен.

2025 жылғы 23 наурызда сот шешімімен қамауға алынған. Сол күні Халықтық-республикалық партия (CHP) оны президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Партияішілік праймеризде оны 13,2 миллион сайлаушы – елдегі жалпы сайлаушылардың шамамен 20 пайызы қолдаған.

Имамоглуның тұтқындалуы Түркияда соңғы онжылдықтағы ең ірі наразылықтарға түрткі болды. AFP агенттігінің мәліметінше, 10 күн ішінде ел бойынша 220-дан астам митинг өткен. Мыңдаған адам экс-мэрді қолдап көшеге шыққан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар