Енді жанармай салығы енгізіледі
Фото: freepik.com
Қырғызстанда жанармай салығы енгізілетін болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстан «Жол қоры туралы» заңға өзгеріс енгізбекші. Заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қырғызстанда жанармай бекеттерінде сатылған әрбір жанар-жағармайдың бір литрі үшін белгілі бір сома алынатын болады. Ел президенті Садыр Жапаров «Жол қоры туралы» заңға және салық емес түсімдер туралы кодекстегі өзгерістерге қол қойды.
Жанармай салығын дизельді отын және жанармай импорттайтын немесе өндіретін нысан иелері төлеуі керек. Бұдан бөлек Қырғызстанда пневматикалық резеңке шиналар және бұрын қолданған шиналардың утилизациясы үшін, майлау материалдары мен басқа майларды өңдеу үшін де салық жиналады.
Мәліметтерге сүйенсек, жиналған қаражат жол жөндеуге жұмсалатын көрінеді. Заң жол инфрақұрылымы және жалпы автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту үшін қарастырылып отыр.
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты