Еліміздің алтын, күміс және басқа да қазба байлыққа толы 26 кен орны аукционға қойылды
Иллюстрациялық фото: Pixabay.com
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қорлары бар еліміздің 26 кен орны бойынша электрондық аукцион жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады, ал электрондық аукционның өзі 2025 жылдың 29 қаңтарында e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.
Өнеркәсіп министрлігі аукцион аяқталғаннан кейін әрбір сала бойынша аукцион нәтижелері бар хаттамаларды министрліктің ресми сайтында жариялайды. Онда жеңімпаз компаниялардың аты-жөні, сондай-ақ қол қойылған бонустар көрсетіледі деп сендірді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сирек металдары бар кен орындары аукционға қойылса, әлеуетті сатып алушыларға қосымша міндеттеме жүктелетінін қосты.
Талап бойынша инвесторлар металлургиялық өнімдерді өз нысандарында өңдеп, шығаруы немесе Қазақстан аумағында зауыт салуы тиіс.
«Қосымша міндеттемелер кенді өндіру және шетелге экспорттау ғана емес, елімізде сирек кездесетін металдарды өңдеудің кепілі ретінде жұмыс істейді» деп атап өтті Өнеркәсіп министрлігі.
Егер аукцион жеңімпазы қол қою бонусын төлемесе, басымдық келесі қатысушыға беріледі, деп қосты департамент.
Жаңалықтар
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды
- Трамп Макронның әйелімен қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынның астында қалды
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм
- «Менде оны үлгі тұттым»: Дмитрий Бивол Головкинмен кездесуі туралы айтып берді