Дональд Трамп екі «құдасын» лауазымды қызметке тағайындады
Фото: Ron Sachs/Keystone Press Agency/Global Look Press
АҚШ президентін сайлауда Камала Харриске дес бермей, 50%-дық басымдықпен жеңген Трампты арнайы тағайындау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтарында болады. Ал президенттік өкілеттілігі біткелі тұрған Джо Байден өз ұлына рақымшылық жасады. Трамп та бұған дейін өз құдасына рақымшылық жасаған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жайлы қазақстандық саясаттанушы Ғазиз Әбішев өзінің Facebook парақшасында Трамптың кезінде құдасы Чарльз Кушнерге рақымшылық жасап, кейіннен оны Франциядағы елшісі етіп тағайындағаны жайлы жазба жариялады.
«АҚШ президенті Дональд Трамп та рақымшылық жасау құқығын пайдаланған еді. 2020 жылдың соңында, өз өкілеттігін аяқтауға жақындап қалған Трамп миллиардер Чарльз Кушнерге, яғни күйеу баласы — Джаред Кушнердің әкесіне рақымшылық жасады. Ол оның құдасы еді. Дональд пен Чарльз – құда, олардың балалары 15 жылдан астам уақыт бойы отбасы болып келе жатыр. Қазақтардың «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген мақалы бар. Жақында Дональд Трамп өзінің құдасы Чарльз Кушнерді Франциядағы АҚШ елшісі қызметіне тағайындайтынын жариялады» деп жазды Ғазиз Әбішев.
Ол сондай-ақ тағы бір құдасын араб және Таяу Шығыс мәселелері бойынша аға кеңесшісі лауазымына тағайындағанын да айтты.
«Дональд Трамптың тағы бір құдасы бар. Екінші қызы Тиффани Трамп миллиардер Массад Булостың ұлы Майлға күйеуге шыққан. Дональд пен Массад та құдалар, олардың балаларының бас қосқанына екі жыл. Жақында Трамп өз құдасы Массад Булосты президенттің араб және Таяу Шығыс мәселелері бойынша аға кеңесшісі лауазымына тағайындайтынын мәлімдеді», — деп хабарлайды Orda.kz.
Ғазиз Әбішевтің айтуынша, бұл тағайындаулар Трамп саясатындағы отбасылық қарым-қатынастардың маңыздылығын көрсетеді, әрі сенімді серіктестерімен билігін нығайтып жатыр.
Еске сала кетсек, Orda.kz Джо Байден өзінің «есірткі қолданып», «қару алған» ұлына рақымшылық жасағаны жайлы жазған еді.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды