«Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ»: Тоқаев жаңа парламент туралы сөз қозғады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы жаңа парламентте президент квотасы болмайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы депутаттар санын көбейтудің де керек емес екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев жолдауда бір палаталы парламент құру туралы бастама көтергенін, бұл осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасы екенін мәлімдеді.
«Біз президенттік Республика болып қала береміз. Жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламент құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп жатыр», — деді президент.
Мысалы, кейбіреулер «депутаттардың саны халық санына сай болуы керек» деп айтып жүр. Егер осы принципті қолдансақ, депутаттар саны 200-ге дейін жетуі мүмкін екен. Ал қазір екі палатада бар-жоғы 148 депутат жұмыс істейді.
«Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа парламентте президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа түсіндіру қажет», – деді Тоқаев.
Айта кетейік, Жезқазған маңында «Роскосмос» ұшырған зымыранның бөлігі құлады.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді