«Дәріні аузыма тығамыз деді». 4 баланың анасын күйеуі жындыханаға жатқызған
Фото: Orda.kz
Түркістан облысында әйелінің аяқ-қолын скотчтап, достарымен бірге жындыханаға алып барған ер адамға сот үкімі шықты. Енді ол адам ұрлап, оны қинап жындыханаға жатқызаны үшін түрмеде 9 жыл отырады. Темір торға өзімен бірге сыбайлас болған достарын да ала кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Түркістан қаласында екі жыл бұрын жаға ұстатарлық жағдай болған. 37 жастағы Дияра Ибрагимова үйімде жатқан жерімнен жолдасым аяқ-қолымды матап психикалық орталыққа алып кетті дейді. Жалғыз емес қасында екі досы болған. Шарасыз келіншек Шымкентке дейін қанша арпалысқанымен қашып құтыла алмаған. Орталыққа барғанда да ешкім араша түспеген. Онысы бейнекамераға да жазылған.
«Орталықта үш күн жаттым. Маған дәрігерлер келіп, бір дәрі ұсынды. Ішпесең аяқ-қолыңды байлап, аузыңа тығамыз деген. Олар менің күйеуіммен алдына ала сөз байласқан деп күдіктенемін. Дәріні бірде иегіме, бірде саусағымның арасына тығып үлгердім. Күніне екі рет беретін. Екі адам жабылып қарап тұрғанда, бір жолы оны ішіп қойдым. Талмаусырап ұйықтап кеттім», — дейді Дияра Ибрагиова.
Үшінші күні келіншек өз құқығын қорғау үшін адвокат жалдайтынын айтып, дәрігерге шағымданған. Осылайша жындыханадан құтылдым дейді 4 баланың анасы. Нағыз күрес бостандыққа шыққан соң басталған. Әйел қаншама рет полицияға арызданса да, іс екі рет қылмыстық құрам жоқ деген себеппен қысқартылыпты. Бірақ, қорлыққа шыдамаған Түркістан тұрғынын бұл тоқтатпаған. Тағы да арызданып, ақыры іс сотқа жетіп, күні кеше Түркістан қаласының ауданаралық соты үш ер адамға үкім кесті.
«Қылмыстық құқықбұзушылық жиынтығымен онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын. Ибрагимовке қолданылған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол дереу сот залында қамауға алынсын», — деп үкімді Түркістан қаласы ауданаралық сотының судьясы Санжар Қойшыманов оқыды.
Әйелін тәртіпке салмақ болған төрт баланың әкесі мен оның достарына прокурор 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған екен. Адам ұрлап, оны мәжбүрлеп психикалық диспансерге жатқызған Дияраның күйеуі 9 жылға сотталса, досына көмектесемін деп басы бәлеген қалған екеу енді 8 жылын түрмеде өткізеді. Үкіммен келіскен келіншек енді орталық дәрігерлерін сотқа беремін деп отыр.
«Мен дәріні ішпеймін деп бас тартқан кезде мәжбүрлеп қазір байлап қойып ішкіземіз деді. Содан мен ішкен сияқты болып, дәріні жасырып, содан сау-аман қалдым. Егер дәріні ішкенде ол жерден шықпас едім. Алдағы уақытта психдеспансердегі дәрігерлер міндетті түрде дәл осы сотталушылар сияқты заң жүзінде жазаға тартылуы тиіс деп санаймын», — деді жәбіреленуші Дияра Ибрагимова.
Айта кетейік сотталушы мен жәбірленушің ортақ 4 баласы бар. Кәмелет жасына толмаған перзенттері қазір Дияраның қарауында. Сот жәбірленушіге моральдық өтем ретінде 11 млн теңге төлеуді міндеттеді.
Еске салайық, Түркістан облысының психикалық орталығында екі жыл бұрын тағы бір сорақы оқиға тіркелген еді. 17 және 21 жастағы науқас қыздар мекеменің санитарлары зорлады деп шағымданған еді. Жасы кәмелетке толмаған бойжеткеннің тіпті жүкті екені анықталды. Ақыры науқастарды қорлаған мекеме қызметкерлерінің әрқайсысы 15 жылдан бас бостандығынан айрылды. Екеуі де көпбалалы әке болатын.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- ИРСК соққыны үдетті: Нысанаға АҚШ-тың серіктестері алынды
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек