Burger King-тегі дау: Компания шетелдік екі басшыны жұмыстан шығарды
Фото: Pixabay
Burger King Kazakhstan аумақтық басшылары Сергей мен Анастасияны жұмыстан босатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Burger King өзінің әлеуметтік желісіне жазды. Олардың мәліметінше, жұмыстан қуылғандардың іс әрекеті іскерлік әрі этикалық коммуникация талаптарына сәйкес келмейді
«Қабылданған шешімдер аясында аумақтық басқарушылар Сергей мен Анастасия енді компанияда жұмыс істемейді. Burger King Kazakhstan Қазақстан азаматтарының ар-намысына тиетін кемсітушіліктің кез келген түрін, құрметсіздік көріністерін немесе қорлайтын сипаттағы мәлімдемелерді үзілді-кесілді қабылдамайды» деп жазылған Burger King Kazakhstan компаниясының ресми мәлімдемесінде.
Компания тексеріс әлі де жалғасып жатқанын және Жанат Қаратайға алдағы қадамдарды талқылау және жағдайды реттеу мақсатында әңгімелесу туралы ұсыныс жолдағанын хабарлады.
«Burger King Kazakhstan қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және олармен жұмыс істеу барысында инклюзивтілік пен тең мүмкіндік қағидаттарын ұстанады. Әрбір адамға құрметпен қарау – біздің корпоративтік мәдениетіміздің ажырамас бөлігі», — деп қосты Burger King өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Жанат Қаратай өзінің Threads әлеуметтік желісінде аутизмі бар Әлібек есімді ұлын жұмыстан шығарғалы жатқанын жазған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы ортақ ұстанымдарын нақтылады
- Маңғыстаудағы Бейнеу полигонында әскери қызметші қаза тапты
- Түркістан облысында газ құбыры маңында көлік өртенді
- Burger King-тегі дау: Компания шетелдік екі басшыны жұмыстан шығарды
- Алматылықтар жер сілкінісін сезді
- Түркістанда тағы да жантүршігерлік оқиға: Басына секіріп, өлімші етіп сабаған
- Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
- Ақша берді ме? Қостанайлық полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалған
- 4 баласы бар: Пашинян азаматтық некедегі әйелімен ажырасты
- Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
- Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқан 3 цехтың жұмысы тоқтады
- АҚШ-та мектептегі хоккей матчында атыс болды: Үш адам оққа ұшты
- Түркістан облысында 4 жасар балақай 5-сынып бағдарламасын меңгерген
- Burger King желісіндегі дау: Басшылардың бірі уақытша шеттетілді
- СҚО-да ер адам танысының қолынан қаза тапты
- Тоқаев Си Цзиньпинді жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- Екі құрбысы ажал құшқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамай отыр
- «Қайта ұсталды»: Теміртауда полицейлер күдіктіден көз жазып қалған
- Burger King жанжалы: Шетелден келген басшы инклюзив жігітті қудалап жатыр ма?
- Бадам өзенінен тас ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды