«Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді

cover Фото: freepik.com

Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек үкіметтегі брифинг барысында «Болашақ» бағдарламасында алдағы уақытта қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Саясат Нұрбек қазіргі таңда стипендиялардың жалпы саны біртіндеп қысқарып жатқанын айтты. 

«Бұрын ғылыми тағылымдамалар саны 500 болса, қазір оны 250-ге дейін азайттық. Бұған бірнеше себеп бар. Ең алдымен, біз сапаға басымдық бергіміз келеді. Жалпы білім беретін бағыттарды «Болашақ» бағдарламасынан біртіндеп алып тастап жатырмыз. Соңғы шешімдердің бірі — атом энергетикасына кадр дайындау. Өткен жылы жасанды интеллект бойынша 100 маман дайындау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік бағыты да бөлек қарастырылып жатыр», – деді ол.

Министрдің айтуынша, бағдарлама біртіндеп трансформациялануда.

«Бір кезде бізде 90-нан астам мамандық болды, қазір «Болашақ» бағдарламасын басым бағыттар бойынша мамандар даярлайтын нақты, бағытталған құралға айналдырғымыз келеді», – деді Саясат Нұрбек.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар