Бізге «Самұрық-Қазына» керек пе?

cover

ORDA. журналисі Ирина Галкина мыңдаған ақ жағалы шенеуніктердің квазимемлекеттік секторда қалай пайда болғанын зерттеп көрді.

Еліміздің қаржы саласында Қайрат Келімбетовтың ықпалымен 2008 жылы пайда болған «Самрук-Казына» ұлттық әл-ауқат қоры ең алдымен батыстың экономикалық технологиясына еліктеуден туған  құрылым. Мұндай қаржылық құрылымдар негізінен ұлттық және дүниежүзілік экономиканың құбылмалы, тұрақсыз кезінде тығырықтан шығу, экономика динамикасын жеделдету жолдарын  іздестіруге бағытталады. Қайрат Келімбетов батыстық үлгідегі  осындай технологияларды жақсы меңгерген қаржыгер ретіндегі ұсынған бұл үлгісі бізге не берді?  

Мемлекеттік мүлікті игеру нарықтық жолға қойылды, ал қор болса бизнесті жүргізудің батыстық үлгісіне айналды.

Осының нәтижесінде біз Қазақстанның мұнай-газ, транспорттық-логистикалық, атом және химия өнеркәсібі, тау-кен металлургиялық кешенін, энергетика мен жылжымайтын мүлік салалары активтерін қанатының астына алған коммерциялық құрылымға айналған үлкен қор құрдық. Ең бастысы, осы салалардың басшылары бұдан өздерінің «дивиденттерін» ала бастады.

Дивиденд - дегеніміз еңбегің сіңген жұмыс нәтижесінде түскен табыстан, кірістен пайда табу, яғни, өзіне тиісті үлесін алу.

Алайда біздің «үлескерлер» дивиденд алуға не үлес қосты, не еңбегі сіңді? Жіктеп айтар болсақ, бұл жерде олар аталған қорға тек өздеріне тиісті «әкімшілік капиталдарын қосқаны» үшін ғана, дер кезінде керек адамдардың қасынан табыла біліп, саяси шеңбердегі ықпалдылармен тіл табыса алғаны үшін ғана пайда тауып отыр.

***

Бұл холдингтің ең бастапқы құрылу кезеңінде мұндай ұлттық шелпектен өз үлесін алғысы келетіндер аз болған жоқ. Бұған қоса бұл  қорға кіргендер батыстық және трансұлттық компаниялардағы сияқты  жалақы, бонустар мен түрлы сыйақылармен қамтамасыз етіледі деген уәделер де болды.

Қорды басқарудың корпоративті қаңқасын бекіту үшін директорлар кеңесіне шетелдік мамандар шақырылды. Басында штаттан тыс кеңесшілер болған шетелдіктер уақыт өте басты тұлғаларға айнала бастады. 

Біз оларды қазақстандық жалақымен ұстап отыра аламыз ба, әрине, жоқ!

Біз оларға батыстың жоғары жалақысын төлей отырып, өзіміз де сол мөлшердегі жалақыға мойын создық. Ал сол шетелдік мамандар неге аяқ астынан тек қазақстандық экономиканы зерттегіш маманға айналып шыға келді?

***

Ал осы холдингте істейтін білімі мен біліктілі белгілі бір деңгейден аспайтын өзіміздің қазақстандық мамандардың алатын жалақысына келсек, олар алатын жалақы қатардағы қазақстандықтар алатын жалақыдан ондаған есе жоғары. Неге?

Мысалы, Қайрат Келімбетов қазір өзінің түйіндемесін (резюмесін) жұмыс іздеуші ретінде жарияласа, жұмыс беру нарығында мұндай маманға қандай компания зәру? Олар Келімбетовке қандай жалақы төлер еді? Біздің еліміздің мөлшерінде жоқ, әрі 2000 жылдан бері жыл сайын өсіп отырған Келімбетовтың алып отырған жалақысындай   жалақыны оған қай компания төлер еді?

***

Басқа холдингтерді атайтын болсақ олар « Самрұқтың» көшірмесі іспеттес қана. «Агро» холдингі Самұрық пен Қазына қорымен бір уақытта құрылды. Ал басқарушы «Бәйтерек» қоры Самұрық пен Қазына біріккен соң 2013 жылы бөлініп кетті. Нәтижесінде  «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде бір басқарушының орнына үлкен әкімшілік аппарат құрылып, оның басшылары барлық артықшылықтармен қамтамасыз етілді.

Сонымен, потрфельге қанша адам ие болды?

 «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Директорлар кеңесінде  - төраға мен алты мүше бар, оның үшеуі шетелдік азаматтар. Бір қарағанда шағын ғана топ сияқты. Бірақ, бұл тек жоғары топ қана. Ал қараңыз, бұл қордың құрамында 19(?) дирекция мен департамент бар. Оның әрқайсысында бастық бар. 2019 жылы бұл жерде 185 адам жұмыс істеген! Барлығы «ақ жағалылар». Ал жалпы холдингтегі қызметкерлер саны 307 мың адамнан асады. Бірақ өндірістік және әкімшіліктегі адам ресурстары туралы 2019 жылда бөлек есеп жасалмаған. 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ. Директорлар кеңесіне 10 адам кірген, оның 3 тәуелсіз шетелдік директорлар. Бір қызығы, Директорлар кеңесінің төрағасы - еліміздің премьер-министрі, ал кеңес мүшелеріне - бірнеше министр кіреді екен. Басқарма құрамы 7 адамнан тұрады. Орталық аппаратта 123 адам, бүкіл холдингтің орташа адам саны 2538 адам.

«Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ. Директорлар кеңесі төраға мен 7 мүшеден құралған. Мүшелер қатарында Ауылшаруашылығы министрі, Қаржы және ұлттық экономика вице-министрі бар. Сондай-ақ 3 тәуелсіз шетелдік директор. Басқарма құрамына төраға мен үш басқарушы директор кіреді. 2019 жылдағы  холдингтегі адамдардың орташа саны 1968 адам. Әкімшілік аппараттағы қызметкерлер саны айтылмайды.

Осы мақаланың авторы Ирина Галкинаның келесі жолғы мақаласы квази-элитаның және халықтың қазынасын басқарып отырғандардың батыстағыдай жоғары мөлшердегі жалақы алуы қаншалықты орынды және маңызды деген сұрақтарға арналмақ.

Авторы: Ирина Галкина

Аударған: Баян Танатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар