«Биологиялық процесті лас, ұят деп қабылдайды»: Дина Төлепберген «етеккір» сөзінен бас тартуды ұсынды
Тележүргізуші Дина Төлепберген «етеккір» сөзін «айлық» деп өзгерту туралы ұсыныс жасады. Orda.kz тілшісі Динамен байланысып, «етеккір» тақырыбын неге ашық көтергенін сұрап білді.
«13 ақиқат» кітабының авторы Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында «етеккір» сөзін ауыстыру жөнінде бастама көтерді.
«Етеккір сөзін ауыстыру туралы әңгіме біраз уақыттан бері айтылып жүр. Бірақ әзірге бос сөз деңгейінде қалып отыр. Себебі нақты, тарихи негізі бар балама ұсынылған жоқ. «Құдағиым келді», «қызыл қонақтар», «қызыл маржандар» сияқты тіркестер бар, бірақ олар бүгінгі тілге де, қыз баланың психологиясына да жараса қоймайды. Сондықтан мен бұл тақырыпқа эмоциямен емес, ізденіспен келуге тырыстым. Көнеде апаларымыз әйел циклін қалай атаған? Ашық жазылған зерттеулер аз, дерек мардымсыз. Дегенмен, екі маңызды дәлел таптым: қазақ әдебиетінде де, ХХ ғасыр басындағы ағартушылық мәтіндерде де менструация «айлық» деп аталған. Осыған сүйене отырып, мен «етеккір» сөзінің орнына «айлық» атауын қолдануды ұсынамын. Бұл — жаңа сөз ойлап табу емес, ұмыт қалған атауды тірілту», — дейді Дина Instagram парақшасында.
Orda.kz редакциясы Дина Төлепбергенмен байланысып, бұл тақырыпты қозғауға не түрткі болғанын, сондай-ақ әйелдер неге бұл мәселе жөнінде өздерін кінәлі сезінеді деп ойлайтынын сұрап көрді.
«Мен 90-жылдардың қызымын. Біздің дәуірде ақпарат аз, ал «ұят» өте көп болды. Мысалы, теледидардағы жарнамаларды еске түсірсек, ақ мақтаның үстіне көк сұйықтық құятын. Құдды қыздардан антифриз ағып тұратындай… Күлкілі сияқты, бірақ бұл — сол кезеңнің шындығы. Қоғам әйелдің биологиялық процесін «лас», «кір», «ұят» деп қабылдады», деді Дина.
Дина бұл таұырыпты ашық айтуының себебін қазақ қыздарын қорғау. Өкінішке қарай, журналистік зерттеулер барысында 13–14 жасында ана атанған көптеген қыздардың тағдырына үңілген. Олардың басым бөлігі білімсіздіктің салдарынан осындай жағдайға тап болған. Мәселен, етеккір басталғаннан кейін жүкті болу мүмкін екенін білмегендер бар. Солардың бірі — 14 жастағы Назерке. Оның оқиғасы «13 ақиқат» атты кітапта баяндалған.
Қазақстан қоғамында менструация неге әлі де «ұят» тақырып саналады?
«Бұл стигманың тамыры тереңде жатыр. Біріншіден — күнделікті өмірде. Қазірдің өзінде, егер дүкендегі сатушы ер адам болса, қыздар гигиеналық құрал алуға қысылады. Оны мөлдір пакетке салмайды. Жұмыс орнында әйелдер неге ауырып тұрғанын ашық айта алмайды. Бұл — парадокс. Дамыған елдерде менструацияға байланысты берілетін демалыс күндері заңмен бекітілген», деді Дина.
Динаның айтуынша бұл мәселе гендерлік теңсіздікпен байланысты. Ұл бала 13 жасқа келгенде ағзасында гормондық өзгерістер болады: даусы жуандайды, иығы кеңейеді. Мұны қоғам қалыпты әрі мақтанарлық құбылыс ретінде қабылдайды, «ер жетіп жатыр» деп қуанады. Ал қыз бала дәл сондай табиғи кезеңнен өткенде, керісінше, оны «ұят» деп бағалайды. Яғни ұлдың жетілуі қуаныш саналады да, қыздікі ұятқа теңестіріледі. Бұл — әділетсіз көзқарас.
Әйелдер бұл тақырыпта неге өздерін кінәлі сезінеді деп ойлайсыз?
«Өйткені әйелдің денесі ұзақ уақыт бойы бақылау объектісі болып келді. Етеккір — әйелдің еркінен тыс жүретін процесс. Ал бақылауға көнбейтін нәрсе көбіне ұят пен кінә арқылы реттеледі. Қыздардың көбі әлі де айлығы келсе, «бірдеңені бүлдіріп қойғандай» болады. Ауырсынуды норма деп қабылдайды. «Шыда» деген сөзді ерте үйренеді. Сұрауға, тексерілуге ұялады. Сондықтан мен үшін бұл тақырып — әйелдің құқығы туралы әңгіменің бастауы», деді тележүргізуші.
Осылайша, Дина Төлепбергеннің «етеккір» сөзін «айлық» деп атау туралы бастамасы тек термин ауыстыру емес, қоғамдағы ұят, стигма және гендерлік теңсіздік мәселелерін қайта ой елегінен өткізуге бағытталған қадам болып отыр.
Тележүргізушінің айтуынша, тілдегі өзгеріс қыздардың өз денесін түсініп, одан қысылмай, еркін өмір сүруіне жол ашуы керек. Бұл бастама қоғамда қызу талқыланып, әйел денсаулығы, білім беру және тіл мәдениеті туралы ашық әңгімеге түрткі болды.
Оқи отырыңыз:
- Саясаткер жаңа Конституция жасауды ұсынды
- Төбелестен кейін жұмыстан кеткен Сәпиев бірден жаңа қызметке тағайындалды
- Талдықорғанда ер адам әйелі мен 3 жастағы баласын аяусыз соққыға жықты
Жаңалықтар
- Ресей мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынас үзілуге шақ тұр
- Алматы облысында бір отбасы түгелей ыстан уланып көз жұмды
- Зеленский ирандық ИРСК-ны террористік ұйым деп таныды
- «Биологиялық процесті лас, ұят деп қабылдайды»: Дина Төлепберген «етеккір» сөзінен бас тартуды ұсынды
- Ғұмырын сахна өнеріне арнаған Балтабай Сейітмамытұлы көз жұмды
- Қазақстан-Қырғызстан шекарасында не болып жатыр?
- Қарағанды облысында 4 жыл бойы темірді шетелге заңсыз шығарған кәсіпорын сотқа тартылды
- Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығып қалды
- Саясаткер жаңа Конституция жасауды ұсынды
- Төбелестен кейін жұмыстан кеткен Сәпиев бірден жаңа қызметке тағайындалды
- Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Украина ресейлік клубтарды Еуропа додаларына қатыстыруға қарсылық танытты
- Талдықорғанда ер адам әйелі мен 3 жастағы баласын аяусыз соққыға жықты
- Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов төбелестен кейін қызметтен кетті
- Қазгидромет ескертеді: Бірден 10 облыста қауіпті метеорогиялық құбылыс
- Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын анықталды
- АҚШ Иранға соққы жасамайтын болды: Тараптар келіссөзге уағдаласты
- Актер Айбек Байназаровты даулы мәлімдемесі үшін жазалауға бола ма: Заңгер түсіндіреді
- Ресей елшілігі адыраспанға қатысты Қазақстан тұрғындарына күтпеген үндеу жасады
- Әсет Ерғалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды