Депутат жер шетелдіктерге сатылады деген қауесетке жауап берді
Фото: бейнежазбадан үзінді
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жердің шетелдіктерге сатылатынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Базарбек әлеуметтік желілерде жаңа Конституция жерді шетел азаматтарына сатуға рұқсат беретіні жайлы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
«Бұл — өтірік, әдейі жасалған дезинформация. Қолданыстағы Конституция жобасында жерді сатуға рұқсат беретін немесе қандай да бір тыйымды алып тастайтын бірде-бір норма жоқ. Оның үстіне, Конституцияның алтыншы бабының қолданыстағы редакциясы өзгеріссіз Конституцияның сегізінші бабының негізіне алынған. Нақтылық үшін осы норманы оқып бергім келеді: жер және оның қойнауы, сулар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады, ал жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Сондықтан жерді жаппай сату туралы барлық әңгімелер — не құқықтық сауатсыздық, не әдейі жасалған манипуляция», — деді Базарбек.
Еске сала кетейік, Алматы қаласында құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожинаның бастауымен баспасөз-мәслихаты өтті. Аталмыш жиында Қазақстанның әр аймағынан құқыққорғаушылар жиналып, өңірлерде болып жатқан мәселелерді қалай көтеріп жатқандарын, қандай мәселе шешілді, қандай мәселе әлі шешімін таба алмай жатқандығы туралы БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Ермұрат Бәпи Назарбаевтар әулетінің билікке оралуы жайлы пікір білдірді
- «Орысша сөйлемедің деген сылтаумен жұмыстан қуды»: Алматыда жекеменшік мектеп пен мұғалім арасындағы дау неден шықты?
- Депутат жер шетелдіктерге сатылады деген қауесетке жауап берді
- Ұлытау облысында марганецті заңсыз өндірген ер адам сотталды
- Ақтөбеде өгей атасынан жүкті болған қыздың ісі бойынша сот шешімі шықты
- Ливияның бұрынғы көсемі Муаммар Каддафидің ұлын атып кетті
- Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік визасыз режим енгізді
- Ресей мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынас үзілуге шақ тұр
- Алматы облысында бір отбасы түгелдей ыстан уланып көз жұмды
- Зеленский ирандық ИРСК-ны террористік ұйым деп таныды
- «Биологиялық процесті лас, ұят деп қабылдайды»: Дина Төлепберген «етеккір» сөзінен бас тартуды ұсынды
- Ғұмырын сахна өнеріне арнаған Балтабай Сейітмамытұлы көз жұмды
- Қазақстан-Қырғызстан шекарасында не болып жатыр?
- Қарағанды облысында 4 жыл бойы темірді шетелге заңсыз шығарған кәсіпорын сотқа тартылды
- Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығып қалды
- Саясаткер жаңа Конституция жасауды ұсынды
- Төбелестен кейін жұмыстан кеткен Сәпиев бірден жаңа қызметке тағайындалды
- Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Украина ресейлік клубтарды Еуропа додаларына қатыстыруға қарсылық танытты
- Талдықорғанда ер адам әйелі мен 3 жастағы баласын аяусыз соққыға жықты