Батыс Қазақстанда еріген қар суы тас жолды шайып кетті
Еріген қар суының басуына байланысты жол көлік қозғалысына жабылды. Оқиға орнында құтқарушылар мен полицейлер кезекшілік етуде, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Өңірде биылғы қыс өте құбылмалы. Бірде қатты аяз болып, ауа температурасы нөлден төмендесе, аяқ астынан жаңбыр жауып, жылымық ауа келеді. Оқиға 8 ақпанда болған.
Толассыз жауған жаңбыр мен жылымық ауа қардың қарқынды еруіне себеп болды. Ал 9 ақпан күні еріген судың көп жиналып қалғаны сонша, ол Жаңғала ауданы, Мәштексай ауылынан екі шақырым жердегі Чапаев – Жаңғала – Сайхин тас жолына жайылды.

Жиналған судың ені 55 метр, тереңдігі 25 см-ге жетті.
«Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, айналма жолдар бар, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер жоқ» деп хабарлады Батыс Қазақстан Төтенше жағдайлар департаменті.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар, полиция және жергілікті әкімдік қызметкерлері кезекшілік етуде. Жол құрылыс компаниясы жолды нығайтуға кірісті.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті