Бастауыш сыныптың кітабынан идеологиялық қате табылды

cover

Бастауыш сыныпта оқытылатын ағылшын тілі кітабы идеологиялық қатеге толы. 2013 жылы Грекияда басылып шыққан оқулықты көшіре салған.

Бұл туралы Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кітапта Қазақстан туы мен сайқымазаққа айналған ұл-қыздың фотосын қосқаннан басқа айырмашылық жоқ. Ата-аналар  ұрпақты дүбәра қылатын бұл кітаптың оқытылуына қарсы. Кітаптағы мұндай өрсекел қателіктерді депутаттар да айтып Парламентке сауал жолдаған.

Кітапты қазақстандық оқушылар меңгеретіндіктен, амал жоқ, Мысырдағы пирамиданың орнына елордадағы бейбітшілік сарайын қойған. Ал ұлттық асымыз ретінде лағманды, ал дәстүрімізге Пасха мен Масленицаны жазған.

Дәл осындай мазмұндағы оқулық білім және ғылым министрлігі сараптамасының оң қорытындысын алып, бағдарламаға енгізілген. «Экспресс паблишин» баспасы шығарған оқулық төл бағдарламамызбен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ата-аналар балалардың бұл кітаптан білім алуына қарсы.

Бұл мәселе ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетованың жеке бақылауында. Депутат ретінде сауал жолдаған ол жауап күтіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, келген жауаппен міндетті түрде бөліісетінін де айтты.

– Ол менің депутат ретінде жеке қадағалауымда. Сол сауалымның жауабын күтіп отырмын. Сауалда берілген ұсыныстарға үкімет тарапынан, яғни білім және ғылым министрлігі қандай жауап береді, мен міндетті түрде ол жөнінде айтатын боламын. Сараптама комиссияларына басқа да мамандар толықтырылсын, яғни тағы да бір зерттеліп қаралсын деген. Жалпы мынау әдістемені білім беру бағдарламасы бойынша, алдымен қазақ тілінде жазылып, одан кейін ағылшын тіліне аударылсын деген ұсыныс болатын, - деді депутат.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар