Бас директорды қолдаңдар: Атырау мұнай зауытының қызметкерлеріне кім қысым жасап жатыр?

cover Коллаж Orda.kz

Атыраудағы мұнай өндіретін зауытта «ашық хаттар соғысы» әлі болып жатыр. Қызметкерлердің бір бөлігі бас директор Ғалымжан Жусанбаевтың әрекеттеріне қатысты наразылығын білдіргеннен кейін, кәсіпорын басшылығы түрлі әрекеттерге барды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Атырау мұнай өндіретін зауытының (НПЗ) басшылығы Orda.kz-те зауыттағы жағдай туралы жарияланған наразылық танытып отыр. Олар енді әкімшілік қауқарын пайдаланып «ҚазМұнайГаз» басшылығының алдында ақталуға тырысып жатыр.

«Қызметкерлерге көрсетілген қысым»

15 қазанда Ақтауда «ҚазМунайГаз» АҚ жобалары бойынша қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер туралы форум өтті. Оған ұлттық компанияның басшысы Асхат Хасенов қатысты. Форум алдында АНПЗ қызметкерлерін бас директорды қолдау туралы өтінішке қол қоюға қайта-қайта үгіттеп жатыр.

Бейресми дереккөздеріміздің айтуынша, Ғалымжан Жусанбаев «коллективтің қолдауын көрсету» және кәсіпорында ешқандай проблеманың жоқтығын көрсету үшін тапсырма берген. Осы мақсатпен зауытта қазіргі басшылықты қолдауға арналған қол қою науқаны жүріп жатыр. Алайда, қызметкерлерге ашық хаттың толық жазбаша мәтіні көрсетілген жоқ.

Аталған құжатта көрсетілген уақытқа қарасақ, хат қазан айының басында дайындалған. АНПЗ қызметкерінің айтуынша, оны Аскар Ермышев таратқан. Ол — жаңадан тағайындалған уақытша бас инженер. Бұған дейін ол мұнайды қайта өңдеу және терең десулфуризация өндірісінің бастығы болып жұмыс істеген. Ал 15 қазанда мырза Ермышев Рахымжан Жанғабыловтың орнына бас инженердің міндеттерін атқаруға кіріскендігі белгілі болды.

«Бейсенбі және жұма күндері (10-11 қазан — Редакциядан ескерту) Ермышев инженерлерден, технологтардан, учаске басшыларынан және операторлардан қол жинауға тырысты. Болашақта қиындықтарға тап болатындары жайлы астарлы сөздер де бұл жерде сеп болмады. ПГПН (мұнайды терең даярлау бөлімшесі) және ПАУ (ароматикалық заттар бөлімшесі) қызметкерлері хатқа қол қоюдан толығымен бас тартты, ал 12 ИТР (инженерлік-техникалық қызметкерлер) бұл ұсынысты тыңдаудан да мүлде бас тартты», — деп мәлімдеді дереккөзіміз болған адам. 

Дереккөздерімізге сүйенсек, Жусанбаев мырза қолдау хатына зауыт қызметкерлері ол күткеннен әлдеқайда аз қол қойған. Бас директор «ашық хаттар соғысында» түк таппайтынын білгеннен кейін, зауыт басшылығы қол қою науқанын тоқтатуға шешім қабылдады.

Ғалымжан Жусанбаев. Фото: Kmg.kz

Жусанбаевқа мадақ

Редакцияда АНПЗ қызметкерлеріне қол қою үшін ұсынылған хаттың толық мәтіні (қол қоюшылар тізімі жоқ) бар. Бұл құжат ҚазМұнайГаз төрағасы Асхат Хасеновқа арналған.

Мәтінде зауыттың бұрынғы басшыларымен ым-жымы бір «зауытшылар тобы» бас директорға «негізсіз сын» айтып жатқандығы айтылады. Ғалымжан Жусанбаевтың жетістіктері ретінде шығындардың азаюы, сондай-ақ бензин, дизель отыны, авиациялық керосин және басқа өнімдердің өндірісінің артуы жазылды. Алайда оның мәтінде нақты саны жоқ. Тек кейінірек толтыру үшін бос орындар қалдырылған. Сондықтан Жусанбаевтың зауыт жұмысына қаншалықты үлес қосқанын бағалау мүмкін емес.

«Бас директорлыққа қызметке келгеннен кейін Ғалымжан Жусанбаев әр цех пен бөлімнің ұжымымен кездесулер өткізді, әрқайсымызды тыңдап, көмектесуге тырысты. Ол ешкімді қызметтік міндеттерін орында деп қысым көрсетпейді. Керісінше, бар жағдайды жасайды», — делінген хатта.

Документте зауыттан бірде-бір білікті қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны жазылды. Ал кәсіпорынды «бәзбіреулердің» тастап кеткені айтылды (кімдер екені нақты көрсетілмеген). Сонымен қатар, АНПЗ қызметкерлерінің атынан хатта қазіргі «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасеновтен «Жусанбаев туралы жалған мақалаларды ескермей қоюды» сұрайды. Олардың сөзінше себебі бізді «зауытшылардың бір тобы» қаржыландырыпты-мыс.

«Білікті қызметкерлер кетіп жатыр»

Жаппай қол қою науқанының сәтсіз аяқталуы Ғалымжан Жусанбаевтың ұжымы оны қолдамайтынын көрсетеді. Ашық хаттар мен бас директор тағайындалуына қарсы петицияларға қол қойған қызметкерлерге қысым көрсеткеннен де еш пайда болмады.

«Жусанбаев не нәрсені көздеп отырғаны түсініксіз. Бірақ оның сенімді уақытша тағайындалған қызметкерлері біртіндеп кетіп жатыр», — деді Атырау НПЗ-ның бір қызметкері.

Ғалымжан Жусанбаев бұған дейін де дауға қалған. Ол АНПЗ-ның бас директоры болып алғаш тағайындалғаннан кейін зауыт қызметкерлері ашық наразылық танытты. Кәсіпорында еңбек дауы болды. Бұл жағдай Жусанбаевтың және оның басты қарсыласы — бұрынғы бас инженер Әділет Шошанбасовтың қызметтерінен айырылуына себеп болды. Бұл (және қазіргі бас директорға қатысты қандай мәселелер туатыны) туралы толық ақпаратты мына жерде оқуға болады.

Осы оқиғалардан кейін Жусанбаев мырза сот арқылы қызметіне қайта келіп, зауытқа оралды. 1 шілдеден бұрын, ол басшылық креслосына қайта отырғанға дейін, АНПЗ-дан бірнеше маңызды әкімшілік қызметкер кетті. Ғалымжан Жусанбаевтың кәсіпорын менеджментімен қақтығысы болғандықтан, ол қарапайым жұмысшылармен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бәс тікті десек болады. Нәтижесінде оның сыншылары популизм ретінде бағалаған бірнеше шараларды енгізді.

Қазіргі уақытта біздің қолымызда бар ақпаратқа сүйенсек, АНПЗ басшылығы мен еңбек ұжымы арасында жанжал жалғасып жатыр. Елді жанармаймен қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды зауыт үшін бұл аса маңызды мәселе. Дегенмен, ҚазМұнайГаз әлі күнге дейін бұл мәселелерді ешкімнің мүдделерін бұзбай шешудің жолын тапқан жоқ.

Редакция Orda.kz Атырау НПЗ қызметкерлері арасында бас директорды қолдау хаттарын тарату жөніндегі бастаманы кім көтергенін нақтылау үшін «АНПЗ» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» компанияларына арнайы сауал жолдайды. Мақала жазылып жатқанда Ғалымжан Жусанбаев жағдайға қатысты пікір білдіру жайлы өтінішімізге жауап бермеді.

Мақала жариялануға дайындалған кезде, ҚазМұнайГаз серіктестеріне АНПЗ үшін техникалық мамандарды даярлауды сұрағаны туралы ақпарат алдық. Себебі кәсіпорында адамдарды жұмыстан шығарған соң техникалық мамандар жетпей жатыр.

Orda.kz бұл жағдайды өз назарында ұстайды.














Жаңалықтар

барлық жаңалықтар