Президент тапсырмасын орындамаған облыс әкімдерін отставкаға жіберу керек – Садырбаев
Фото: eldala.kz
2021 жылдың 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осылайша Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.
Тоқаев денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруғ, саяси жаңғыру, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады. Сондай-ақ, биылғы жылдың есте қалған оқиғасы қуаңшылық турасында да сөз қозғады.

Сондай-ақ, жайылымдық жерлер мен қуаңшылық салдарын жеңу жолдарын айтып, бірқатар жауапты тұлғаға нақты тапсырмалар берді.
– Жайылымдық жерді тиімді пайдалану да өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені, мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс, - Тоқаев.
Президенттің жолдауында айтылған мәселерлер мен тапсырмалар туралы «Шопан ата» қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Orda.kz журналисіне Президенттің жолдауында айтылған мәселерлер мен тапсырмалар туралы өз ойын айтты.
Садырбаевтың айтуынша, облыс әкімдері мемлекет басшысының тапсырмасын орындамай отыр.
– Бір ай бұрын Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, жем-шөп мәселесін көтерді. Қуаңшылық жағдайын мойындап, әр облыстан жергілікті бюджеттен жем-шөпке субсидия қарастырыңдар деді. Бұл нақты протоколға кірген тапсырма еді. Сол тапсырманы бірде-бір облыстың әкімі орындаған жоқ. Орындап жатқан Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова ғана. Ақтөбе облысының әікімі Оразалин екінші жыл қатарынан 6, 5 млрд бөліп келеді. Ал Г. Әбдіхалықова 3, 5 млрд теңге бөлді. Ал басқа облыс әкімдері президенттің нақты тапсырмасын орындаған жоқ. Сондықтан президент тапсырмасын орындамаған барлық облыс әкімдерін отставкаға жіберу керек, - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, батыл шаралар қабылдауға тиіс», -деді.
— Енді не өзгереді? Жолдаудан кейін ықпалды адамдар жайылымды жерлерін халыққа босатып бере ме?
– Шынында, мал жаятын жердің жоқ болуы отыз жыл бойы қордаланып қалған мәселе. Бұл мәселенің осы жолдаудан кейінгі жолдауға дейін шешіліп кететініне күмәнім бар. Өйткені бұл жүйелік мәселе. Бұл тек әкімдерге немесе басқа құзырлы органдарға ғана байланысты емес, бір жағынан қоғамымызға байланысты. Өте терең тақырып. Жерді иеленіп отырған кейбір бай-бағландар ауылдың әкімін емес, тіпті, аудан мен облыстың әкімін пысқырмайды. Ал елде жайылымдық жердің жоқтығы нақты мәселе.
– Біздің жайылым жер туралы әлемдік стандартқа сай заңымыз бар. Сол заң жұмыс істемейді. Ол заң жұмыс істеу үшін сот жүйесі, жер комитеті, қоғам әрекет ету керек. Қазіргі күні маған журналистер хабарласып, ауылдық жерде жайылым мәселесі бар адамдар туралы сұрайды. Мен қиналып отырған нақты ауылдарды білем. Хабарлассаң бұғылып, тығылып сұхбаттан қашады. Бұл тек президенттің жарлығымен орындалатын шаруа емес, бүкіл қоғам болып атсалысатын дүние.
— Жаз бітіп, күз келді. Ауыл шаруашылығында қандай қиын мәселелер туындауы мүмкін? Неден қауіптенесіз?
Мен бүгінгі ауылшаруашылығынан жем-шөп мәселесін көріп отырмын. Бүкіл жем-шөпті сыртқы елдерге сатып жатырмыз, оны тежеу деген жоқ. Жақын күндері Беларусь арпа мен бидайын сыртқа шығаруға тыйым салды. Күні кеше Ресей өзінің БАЖ салығын арттырды. Өйткені, Ресейдің өзіне астық қажет. Ал Қазақстан үкіметі арпа мен бидай ғана емес, кебектің өзін тоқтата алмай жатыр. Тағы бір қызық жәйт айтайын, Ресейде кебектің бағасы – 50 теңге, Беларусьта – 49 теңге, Қазақстанда – 80-100 теңге арасында. Перзидент мемлекеттің саясаты кез келген салада, ауыл шаруашылығының ішінде өзіміздің нарықты толтыруымыз керек деді. Біздегі сатқыш, сатқындар үккіметке кіріп, өздеріне тиісті заңды шығарып сатумен айналысуда. Ал қазақ елі, қазақтың малы аш қалды. Мен қауіптеніп отырған басты мәселе осы.
— Президент жолдауында жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту керек екені айтылды. Бұл жем-шөп дайындаудағы мәселелердің шешімі бола ала ма? Бұдан не өзгереді деп ойлайсыз?
Бұл нақты мәселе емес. Қазірде қорыққа кіргізіп малды жайып жатыр. Бұл мәселені түбегейлі шешпейді.
— Президент Жарлығымен Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Министрдің ауысуынан түбегейлі өзгерістер немесе жақсы нәтиже күтесіз бе?
– Кеше ғана ресми түрде Ербол Қарашөкеев министр болып бекітілді. Осы салаға жақсылық алып келеді деп үміттенеміз. Бір ай көлемінде министрмен ақпарат алмасып, біраз мәселелерді талқыладық. Адам ретінде өте ашық, қарапайым, ауылдың азаматы екенін көріп отырмыз. Ал маман ретінде оның нақты істері, ұстанымы көрсетеді. Министрлік позиция дегеніміз не? Министрлікке ықпалды топтар кіріп, мемлекеттің көмегін өзінің тақымына басып алып, қашқысы келеді. Солар кіріп мойнын өзіне бұрып кетпесе деген ой бар. Қазақтың қарапайым шаруаларына назарын аударса болды. Маңайына кең көзқараспен қараса деген ұсыныс бар. Қалғанын сіз болып, біз болып атқарамыз.
Жаңалықтар
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады