Балалы отбасылар ажырасуының жаңа ережелері белгілі болды
Sad child on a swing, inbetween her divorced parents holding her separatedly .
Сенат депутаттары неке бұзу және кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен мүлікті бөлу туралы азаматтық істер енді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың құзырына берілетін заң жобасын екі оқылымда мақұлдады.
Заң жобасының бастамашылары Парламент депутаттары болды. Бұл жұмыстардың барлығы тек балалар құқығын қорғау мақсатында әзірлеген.
— Балалары бар отбасы ажырасуына қатысты істің барлығы енді бір сотта болады, кәмелетке толмағандар сотында. Тиісті бөлмелер, бейімделген үй-жайлар, оларға барлық жағдай жасалған, - деді сенатор Айнұр Арғынбекова.
Оның айтуынша, заң қабылданғаннан кейін адамдар сотта, мысалы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта ерлі-зайыптылардың бірінің бала тәрбиесіне байланысты мәселелерді шешу үшін келеді, ал азаматтық сотта - мүлікті бөлуге байланысты іс қарастырылады.
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин депутаттардың бұл заң шығару бастамасын дұрыс деп санайды.
— Өкінішке қарай, бізде ажырасулар саны өте көп, ал балалар құқықтары жөніндегі уәкілге ата-аналары ажырасқан жағдайда балалардың тұрғылықты жерін анықтау, олармен әрі қарай қарым-қатынас жасау мәселелеріне байланысты өтініштер көп түседі. Мүлікті бөлуге байланысты өтініштер бар, ол балалардың құқықтарын ескере отырып жүргізілуі керек. Сондықтан мен балалардың құқықтарын қорғауға қатысты заңнамалық базадағы дәл осы заңда күшейту дұрыс деп санаймын, - дейді ол.
Сонымен бірге, балалар омбудсмені заңнама салдары қазірдің өзінде реттелетінін, егер адамдар өз таңдауында және өмірлік маңызды шешімдер қабылдауда саналы болса, мұндай жағдай болмауы мүмкін екенін атап өтті.
Еске салайық, Қазақстан ажырасу процесі ережелерін өзгертуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен некені бұзу және мүлікті бөлу туралы азаматтық істерді кәмелетке толмағандар және отбасылар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне беру жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық