«Балаларға ауру туғызатын арзан екпе сатып алынады»: ДСМ мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі елімізде «зиянды екпе қолданылып жатыр» деген мәлімдемелерді жоққа шығарды. Ведомство мұндай сөздердің қауіпті екенін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі өзінің Telegram-арнасында әлеуметтік желілерде тараған «балаларға ауру тудыратын арзан вакциналар сатып алынады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан Республикасында Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар халықаралық және ұлттық деңгейде көпсатылы сараптамадан өтеді, тіркеуден өткен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) талаптары мен ұлттық заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат етілген.
«Вакциналарды сатып алу «бағасының арзан болуы» қағидатына емес, тек сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштеріне негізделе отырып жүзеге асырылады», деп мәлімдеді министрлік.
Екпені сатып алу барысында мынадай факторлар ескеріледі:
- ДДСҰ преквалификациясының болуы немесе қатаң реттеуші бақылауы бар елдерде тіркелуі;
- клиникалық зерттеулер нәтижесі;
- тиісті өндірістік практика (GMP) халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
- тіркеуден кейінгі қауіпсіздік мониторингі деректері.
«Вакциналар «балаларда ауру тудырады» деген тұжырымдардың ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылау деректеріне қайшы келеді. Керісінше, дәл екпе алу қауіпті жұқпалы аурулардан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді айтарлықтай төмендетіп, мыңдаған ауыр асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді» деп жазылған министрлік хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы 34 жылда Ұлттық иммундау саясатының арқасында аурушаңдық айтарлықтай төмендеген.
Атап айтқанда:
— эпидемиялық паротитпен сырқаттану 100 еседен астам төмендеген (1990 жылы 12 194 жағдайдан 2024 жылы 118 жағдайға дейін);
— вирустық А гепатиті 32 еседен астам азайған (1990 жылы 73 962 жағдайдан 2024 жылы 2 289 жағдайға дейін);
— вирустық В гепатиті 92 есеге төмендеген (1990 жылғы 5 287 жағдайдан 2024 жылы 57 жағдайға дейін).
Екпе алудың арқасында балалар арасындағы қызылша ауруы 90 пайыздан астам, қызамық пен паротит 95 пайызға төмендеген. Полиомиелит жағдайлары 1996 жылдан, ал дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген. Бұл ұлттық иммундау бағдарламасының тиімділігін дәлелдейді.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық білімі жоқ адамдар тарапынан осындай мәлімдемелердің таралуы ата-аналарды жаңылыстырып, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсірететінін және балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстанда фармакологиялық қадағалау және жағымсыз реакцияларды бақылау жүйесі жұмыс істейді. Оның аясында әрбір күмәнді жағдай мамандар тарапынан мұқият талданып, қауіп анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жедел шаралар қабылданады.
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне, дәрігерлердің ұсынымдарына және дәлелді медицина деректеріне сенуге, сондай-ақ балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Сонымен қатар ведомство әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Еске салсақ, Германияда денсаулық сақтау саласындағы атышулы іс тергелді. Қасақана науқастарды өлтіріп келген дәрігердің ісі қоғамды дүр сілкіндірді.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
Елдегі ер балаларға адам папилломавирусына қарсы екпе салынуы мүмкін
Профилактикалық екпелерден бас тарту көбейді
Енді қажылыққа баратындар екпе алады
АҚШ-та кем дегенде 10 бала коронавирусқа қарсы екпеден қайтыс болды
Жаңалықтар
- Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді
- Павлодарда түзеу мекемесінің бастығы сотталды
- Тоқаев Назарбаев пен Путин арасындағы әңгіме оны еш қызықтырмайтынын айтты
- Венесуэланың су жаңа басшысы Вашингтонды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды
- «9 келі салмақ тастадым»: Президент денсаулығы жайлы сөз қозғады
- Президент парламенттік реформа аясындағы алып-қашпа әңгімелерге жауап берді
- Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытына тағы да зымыран ұшырды
- Атырауда колледж студентін курстастары дәптерге бола аяусыз соққыға жықты
- «Балаларға ауру туғызатын арзан екпе сатып алынады»: ДСМ мәлімдеме жасады
- 2026 жылы еліміздің қай жолдары жөндеу көретіні белгілі болды
- Атыраулық құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева дүниеден өтті
- БҰҰ Венесуэлаға қатысты шұғыл отырыс өткізеді
- Қазақстан үшін «мұнайдан жеңіл табыс» дәуірі аяқталды — саясаттанушы
- «Егер дәрігерді ешкім ұрып-соқпаса, жедел жәрдем дер кезінде келеді» — депутат пікірі
- Мадуро Бруклиндегі қатаң режимдегі тергеу изоляторына жеткізілді
- Элиталық эскорттан — «ережемен өмір сүруге» көшкен Айка Love колониядан босап, жазба жариялады
- Елде бір ғана президент бар — Венесуэла Мадуро тұтқындалғаннан кейін АҚШ-қа жауап қатты
- Әлем көшбасшылары мен елдері АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы агрессиясына қарсы үн қатты
- Трамп журналистер алдында мәлімдеме жасады: «Мадуроның билігі аяқталды, ол енді президент емес»
- Теміртауда ер адам өз үйінің кіреберісінде тұрған шыршаны өртеп жіберді