Дос Көшім: Ресейдің Америкаға деңгейі жетпейді

cover

16 маусым күні Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин Женевада кездесті. Кездесуден соң екі ел президенті журналистерге пікір білдіріп, қорытындыларымен бөліскен. Джо Байден өз кезегінде «Ресей президенті Путинге әлемдік аренада АҚШ президентімен кездесу мүмкіндігін» бердім деген болатын. Путин бұл кездесуді ұзақ күткен бе? Екі ел президенттерінің арасындағы кездесу кімге тиімді?

Осы және өзге сұрақтар бойынша Orda.kz. журналисі саясаттанушы Дос Көшіммен сұқбаттасып көрді.

Дос Көшім

АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі қай елге тиімді және кездесуден кейінгі айтылған сөздер нені білдіреді?

 – Менің ойымша кездесу екі елге де тиімді. Байден мен Путин айтып жатқан дүниелер, бұл әр саясаткерлердің арасында осындай сөз болады. Әрқайсысы өз беделін көтеру үшін осындай дипломатиялық сөздер айтады. Бұл қарапайым саясаткерлер арасындағы сөз жарысы дейміз ба, бедел жарысы дейміз ба, мен әйтеуір соған жатқызамын, - дейді саясаткер.

Кездесу қорытындысы бойынша іліп алатын дүниелер бар ма?

- Мен үшін негізгі мәселенің біреуі ядролық қаруға байланысты келісімшартты ұзартуы. 2024 жылға дейін жалғастырады деді ғой деймін. Ядролық қаруды сақтау, алып жүру жөнінен Кеңес үкіметінің мұрагері болғандықтан Ресейде де өте көп, Америкада да жетерлік. 70 жылдардың әлі күнге дейінгі қалдықтары ғой. Себебі әр уақытта ядролық қаруы бар 9-10 ел кез-келген уақытта қолданып жіберуі мүмкін. Ең бастысы бұл жерде екі елдің келісімі басқа елге де үлгі болады.

Байден «Ресей үлкен держава болып қалу үшін барын салып жатыр» деп кесіп айтты. АҚШ пен Қытайдың ол жердегі рөлі қандай?

- Барлығы өздерін держава дейді, әйтпесе біреуге держава деген ат береді. Шындығында Қытай менің ойымша Ресейдің алдында тұр. АҚШ президентінің айтқаны Ресей мен Қытайды жарыстырып қою секілді. Бірақ даму жағынан Қытай екінші орынға шықты. Олардың держава болу болмауын басқа елдер шешеді.

Екі ел кездесуінің Қазақстанға тигізер пайдасы мен зияны?

- Кез-келген тұрақтылықтың барлық елге пайдасы бар. Тұрақтылық бар кезде экономика мен қоғамның дамуы қалыпты түрде өтеді. Егер жоғарғы деңгейдегі мемлекеттер арасында салқын соғыс, қарама-қайшылық, қырғи-қабақ жағдай болса әсері барлық елге тиеді. Менің ойымша, кездесу, келісулердің Қазақстанға үлкен әсері бар.

АҚШ әскери базасы Қазақстанда салына ма?

- Бұл алдағы бесжылдықта жүзеге аспайтын нәрсе. Себебі бізде Ресейдің әскери базалары бар, Сарышаған секілді базалар. Екі елдің әскери базасы бір елде болуы мүмкін емес. Ресей әскери базасын алып кетеміз деген күннің өзінде көп уақыт кетеді. Менің білетінім осы екі мемлекеттің базасы бір елде қатар тұрмайды.

Қазақстан Америкаға әскери жер беруі келешекте әбден мүмкін. Бұл біріншіден материалдық жағынан пайдалы. Екінші жағынан бір жағы Қытай, бір жағы Ресей. Екеуі де қазір Қазақстанға оң көзқараспен қарап отырған жоқ. Сөз бойынша жақсы болғанымен, жергілікті Ресей депутаттарының айтқанын былай қояйық. Қытайға деген халық арасында фобия көбейіп кетті. «Қытай фобиясы» дейміз оны.

Кездесудегі қос президенттің іс-әрекеті

- Екеуін салыстырып қараған уақытта, Ресейдің күш қуаты Америкадан кемі он есе төмен. Айдан анық нәрсе. Сондықтан мен бұл екі елді салыстырмаймын. «Бөрі арығын білдірмес, итке сыртын қампайтар» деген бар ғой. Сондықтан Ресей әлі күнге дейін Кеңес өкіметінің орнында қалғанын білдіріп, қампайып отырғанымен, барлық жағынан АҚШ күшті. Екеуінің тең деңгейдегі отырысы бұл Байденнің жасаған шарапаты деп ойлау керек.

Путиннің деңгейі төмен. Путин өзін ұстауы да сондай. Өзінен үлкен елдермен отырғанда қысылып, қымтырылып отырған сияқты да. Жауап бергенде де солай болды. Америкамен Кеңес үкіметі кезіндегідей жарыса алмайды, деңгейі жетпейді.. Бір Нью-Йорк штатының бюджеті бүкіл Ресей бюджетімен бірдей. Қытайдың өзі АҚШ деңгейіне жеткен жоқ.

Әңгіме әскери және экономикалық жағынан болғанына қарай. Қазір ресурс жөнінен Америкаға жақындап қалған Қытай. Ресейді бұлардың қатарына қою ыңғайсыздау. Бірақ Ресейде жиналған ядролық қаруға басқа елдер қорқынышпен қарайды. Ақымақ адамдар қаруды бір жаққа жұмсай салуы әбден мүмкін деген қорқыныш бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар