Баялиев Рүстем президент әкімшілігіндегі орнын босатты

cover Фото: Ақорда

Баялиев Рүстем президент әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Рүстем Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды»,  деп хабарлады Ақорда. 

Ол бұл қызметті осы жылдың ақпанынан бастап атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақорда Баялиевтің екі рет сатылған тұрғын үй кешеніне қатысы жоғын мәлімдеген еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар