Байқоңыр ғарыш айлағынан Гагарин атындағы зымыран ұшырылды

cover

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Ю.А.Гагарин» («Союз МС-18») атындағы зымыран ұшырылды.

Ақпарат Риа Новости сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Зымыран ұшыру Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына орай, Байқоңырдың 31-ші алаңында ұйымдастырылды . Гагарин 1961 жылы қазір жұмыс істемейтін бірінші алаңнан ұшқан болатын.

Зымыран халықаралық ғарыш станциясына үш ғарышкерді: ресейлік Олег Новицкий мен Петр Дубров, сондай-ақ американдық Марк Ванде Хайді жеткізуі тиіс. Новицкий үшінші, Ванде Хай екінші, ал Дубров бірінші рет ұшып отыр.

Мәскеу уақытымен саған 14:07 (Нұр-Сұлтан 17:07), яғни ұшырылған уақыттан үш сағат 25 минут өткеннен кейін «Ю.Гагарин» зымыраны ХҒС-қа жетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар