Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді

cover Фото: primeminister.kz

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI  кездесуіне қатысу үшін келді. 

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

 «Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін келді. Елорда әуежайында Ильхам Әлиевті Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды» делінген хабарламада. 

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты қатынастар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл жан-жақты дамып келе жатыр. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 14,3%-ға ұлғайып, 5 529,4 млн 2024 жылдың қаңтар маусымында 2 280,6 млн болды.  
 
Екі ел мұнай-газ, көлік-логистика салаларында, цифрлық коммуникациялар және ғарыш өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асырып жатыр. Олардың ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде, талшықты-оптикалық байланыс желісін және Каспий теңізінің түбімен терең су электр кәбілін төсеу бойынша жобалар бар. Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін ашу үшін бірлескен тікелей инвестициялар қоры құрылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар