Азия чемпионаты–2026: Ел қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы медаль түсті

cover

Қазақстанға Азия чемпионаты–2026-дағы жеңіл атлетикадан алғашқы медальді Нора Джеруто әкелді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Нора Джеруто Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы медальді салды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Нора Джеруто тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Спортшы 1500 метрге жүгіру сайысында қола жүлде жеңіп алды. Джеруто қашықтықты 4 минут 20,04 секундта еңсерді» деп жазылған хабарламада. 

Жүгіру жарысы бойынша жеңіс  Жапония өкілі Нозоми Танака 4:19.15 нәтижесімен берілді. Екінші болып Қытай спортшысы Чуньхуэй Ли (4:19.54) мәреге жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте медальдар есебін ашты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар