Ажалы шойын қазаннан: 6 жастағы қызды анасымен қоса ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
Фото: freepik.com
Алматыда әйел мен оның 6 жастағы қызын асқан қатыгездікпен ұрып өлтірген айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты. Бұған дейін де сотты болған ер адам бұл жолы өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталушы мен марқұм екеуі алты ай ғана таныс болған. Биыл 5 қыркүйекте екеуінің арасындағы жанжал ушығып, ашу үстінде ер адам ас үйдегі шойын қазанмен әйелді баласының көзінше өлімші етіп ұрған. Ауыр жарақат алған әйел сол түні ауруханада көз жұмды. Медициналық сараптама марқұмның ашық бас-ми жарақатын алғанын, бас сүйегінің бірнеше жерден сынғанын, миына қан құйылғанын растады.
Ер адам мұнымен тоқтамай, марқұмның зейнеткер анасын да бірнеше рет ұрып, есінен тандырған. Әйел жансақтау бөліміне жеткізіліп, бірнеше отадан кейін аман қалды. Сотталушы мұндай қатыгездікті көзбен көрген жалғыз куәгер 6 жастағы қызды да сол қазанмен бірнеше рет ұрған. Ауыр жарақаттан Көркем ес жимастан бірнеше күннен соң көз жұмды.
Соңғы сөзінде сотталушы өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, қылмыс жасамағанын мәлімдеді. Алайда сараптама нәтижесінде қанға боялған темір қазанда Чалтабаевтың саусақ іздері табылғаны дәлел ретінде ұсынылды.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігі ережелеріне сай, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтықтарында онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Чалтабаевқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді судья Бақытжан Бәкірбаев.
Сотталушы бұған дейін де адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған екен.
Айта кетейік, ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үй қамаққа алынды.
Жаңалықтар
- Ресей Украинаға қатысты 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды қабылдамады
- Экс-судьяның өлімі: Күдіктілер Мәскеуде ұсталды
- Ажалы шойын қазаннан: 6 жастағы қызды анасымен қоса ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
- Парижде зергерлік бұйым таситын курьерлерге қарулы шабуыл жасалды
- 2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үй қамаққа алынды
- Зеленский бейбітшілік жоспарының 20 тармағын атады
- Баялиев Рүстем президент әкімшілігіндегі орнын босатты
- Қоғам белсендісі Ринат Рафхатұлы қайтыс болды
- «Маған қазақ тілі қажет емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана қызметкері қонақпен жанжалдасты
- Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты даудан кейін кино түсіруді тоқтатады
- «Жала жапты»: Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген өзбек азаматы өмір бойына сотталды
- Ақтау қаласында жасөспірімдер оқушыны зорлап, қолын пышақпен тілгілеген
- «Мен өзім сотқа жүгіндім»: Маңғыстау әкімі экс-депутаттан туған ұлына қатысты өз шындығын айтты
- Атырауда 2 қызының көзінше әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды
- Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды
- Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайын сотта жеңіп шықты
- Яна Легкодимованы өлтіріп, өмір бойына сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
- «2 млрд теңге жымқырған»: Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы мен әріптестері ұсталды